From Wikipedia, the free encyclopedia
Дональд Уоррен «Д. В.» Моффетт (ағылш. Donald Warren "D. W." Moffett; 26 қазан 1954, Хайленд-Парк, Иллинойс, АҚШ) — американдық театр мен кино актері.
Әлемге көбінесе ABC Family каналындағы ойнаған рөлдерімен және 6 маусым 2011 жылы телеэкранға шыққан "Switched at Birth" («Их перепутали в роддоме») атты сериалындағы Джон Кенниш рөлімен әйгілі.
Дональд 1954 жылы 26 қазан күні Хайленд-Парк, Иллинойста өмірге келген. Өзіне «Д» бүркеме атты алу себебі, британдық актер Дональд Моффатпен түсінбестікті иеленуді қаламаған. 1969-1974 жылдар аралығында Дональд Германиядағы Schule Schloss Neubeuern атты меншік орта мектебінде білім алған. Стэнфордтық Университетте білім алғаннан кейін Чикаго қаласына көшіп инвестициялық банкир болып жұмыс істеді. St. Nicholas Theater Company (Қасиетті Николас театр компаниясында) Дональд Уильям Мэйсиннан білім алған. Дональд Уоррен кейін өзінің меншікті Remains Theater атты театрын ашты. Дональд Уорреннің мансапы 1985 жылы An Early Frost кинофилмімен басталды. Мофееттің мансапы ұзақ және сәтті болды. 2003 жылы Thirteen атты филмде ойнаған. Hidden Palms сериалында Bob Hardy(Боб Харди) рөлін ойнаған. 2007-2008 жылдар аралығында Life Is Wild сериалында Dr. Danny Clarke(Доктор Дэнни Кларк) рөлін иеленген.
Дональд Уоррен Моффет 6 маусым 2011 жылдан бастап "Switched at Birth" («Их перепутали в роддоме») атты сериалда Джон Кенниш рөлін ойнап жатыр.
1997 жылдан бастап Кристал Роджерс пен некеде тұр. Ерлі зайыптыларды екі балалары бар.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.