From Wikipedia, the free encyclopedia
Василий Яковлевич Беляндра (1914 -1967жж.) — Ұлы Отан Соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры
Василий Яковлевич Беляндра | |
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Қырғыз КСР Кеминский ауданының Боролдай ауылы |
Қызметі |
Ұлы Отан Соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының Батыры |
Марапаттары мен сыйлықтары |
Ленин орденімен, Қызыл Ту орденімен, Александр Невский орденімен, Отан соғысының 1 дәрежелі орденімен, екі Қызыл жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталды. |
Беляндра Василий Яковлевич - Воронеж майданың 3 — гвардиялық танк армиясының 7- гвардиялық танк корпусының 23- гвардиялық атқыштар бригадасының взвод командирі, гвардия кіші лейтенанты. 1914ж. 5 қаңтарда Қостанай облысының қазіргі Қостанай ауданының Достовское ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлты орыс. 1930 жылдан бастап Қырғыз елінің Кеминский ауданының Боролдай ауылында тұрды. Бастауыш білім алған, ұста және комбайншы болып жұмыс істеді. Қызыл Армия қатарына 1941ж. тамыз айында қосылды. 1941 жылдың қырқүйегінен Ұлы Отан Соғысының қатысушысы. Сталинград жанындағы шайқаста жараланды. 1943 жылы кіші лейтенанттар курсын тәмамдады. 1944 жылы КОКП ВКП(б) мүшесі. 1945 жылғы Мәскеу шеруіне қатысты. Ленин орденімен, Қызыл Ту орденімен, Александр Невский орденімен, Отан соғысының 1 дәрежелі орденімен, екі Қызыл жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталды. 1945 жылы лейтенант В. Я. Беляндра Жеңіс парадына қатыса алды. Қырғыз КСР Кеминский ауданының Боролдай ауылдық кеңесінің Киров атындағы колхозға қайтып келді. Машина - тракторлық станциясында механик болып жұмыс істейді. 1967 жылдың 22 сәуірде кей мәліметтерге сүйенсек 12 наурызда қайтыс болды. Батыр есімі Быстровка ауылындағы Қырғыз және Боролдай ауылындағы көшелерге берілді.
23 - гвардиялық атқыштар бригадасының атқыштар батальонының взвод командирі, гвардия кіші лейтенанты Василий Беляндра 1943 жылы 22 қыркүйекке қараған түні жауынгерлермен бірге жаудың артиллериясы минометі, пулеметі жаудырған оқ астымен Днепрді бірінші боп өтіп, Украинаның Киев облысы Канев ауданының Трахтемиров аулын азат етіп, плацдармада бекінді. 28 және 29 қыркүйек екі тәулік бойы - Беляндра басқарған взвод саны жағынан басым түсетін жаудың жеті шабуылын тойтарды. КСРО жоғары Кеңесі Президиумының 1943 жылы 17 қарашадағы қаулысымен неміс- фашист басқыншыларымен күрес майданында әскери тапсырмаларды үлгілі орындағаны үшін және ерлік көрсеткені үшін Гвардия кіші лейтенанты Беляндра Кеңес Одағының Батыры атағымен қоса Ленин ордені, Қызыл жұлдыз медалі берілді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.