Суан руынан шыққан.[1]
- ҚазМУ-ды бітірген (1965).
- 1965 – 1992 жылдары Талдықорған облысы Панфилов ауданында ұстаздық етіп, комсомол жұмыстарымен айналысты.
- “Жалын” журналының бөлім меңгерушісі
- “Жұлдыз” журналының бөлім меңгерушісі
- “Жалын” баспасы бас редакторының орынбасары, бас редакторы (1976 – 1986)
- “Парасат” журналының бас редакторы (1989 – 1992) қызметтерін атқарған.
- 1992 жылдан “Жалын” баспасының директоры.
- “Жау жағадан алғанда” (1993) романына өмірде болған адамдардың (К.Қожагелдиев, Ж.Ауғанбаев, М.Қожамияров, Ю.Қадыров) бастан кешкен оқиғалары арқау етілген, ұжымдастыру мен ашаршылық секілді халық басынан өткен нәубет жайы шынайы көрсетілген.
- “Ойұшқын” (2002) жинағына Әсет, Сара, Төребай секілді әнші-ақындар, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынтай батырлар жайлы эсселері топтастырылған.
- “Өнер құдіреті” еңбегінде (2003) К.Байсейітова, Ж.Омарова, М.Төлебаев, Д.Рақышев, т.б. талант иелері туралы танымдық мақалалары жинақталып берілген.
- Күй толғақ, А., 1972
- Күтумен өткен ғұмыр, А., 1974
- В ожидании, А., 1985
- Бір өкініш, бір үміт, А., 1985
- Шығ. жин. 2 т., А., 1993
- Бейтаныс әйелдің құпиясы, А., 2002.
- “Құрмет” ордені (2000)
- бірнеше медальдармен марапатталған.[2]
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6