From Wikipedia, the free encyclopedia
Аппақ ишан сәулет кешені – Түркістан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізбесі қатарында.
Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының батыс шеті.
XIX ғасыр.
Кешен үш ғимараттан тұрады: медресе, мешіт және дәрісхана (ханака). Мешіт ғимаратының жанында тұрған мұнара сақталмады. Кешеннің көлемді және жоспарлық композициясынң өңір бойынша тікелей аналогы жоқ.
Жалпы алғанда, медресе мен мешіт дәстүрлі Оңтүстік Қазақстан типологиялық сәулет схемаларын ескере отырып салынған. 1840 жылы Қасым-ишан мешіт-медресесін Бұхар сәулетшілерінің жобасы бойынша салды.
Мешіт өз атауын мешіттің алғашқы имамының құрметіне алды.
Қазан төңкерісінен кейін мешіт 1928 жылға дейін жұмыс істеді. Одан әрі ғимараттарда қоймалар, түрлі мекемелер және тіпті тұрғын үй-жайлар орналасқан.
Тек 1983 жылы ғана Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен кешен аумағы Аппақ ишан мұражайы болып қайта құрылды.
2000 жылдан бастап "Қазқайтажаңғырту" РМК Түркістан филиалының мамандары Өмірсерік Ахметовтің жобасы бойынша мешіт-медресені қайта жаңғыртумен айналысты. 2000 жылы кешеннің орталық қақпасы Аппақ ишанның тікелей ұрпақтарының қаражатына қайта салынды.
Бұл нысан аймақтың өзіндік және қызықты тарихи-мәдени нысандарының бірі болып табылады.[1]
Аппақ Ишан медресесі діни оқу орыны ретінде 1927 жылға дейін, Қазақстанда ірі байларды конфискациялауға дейін өмір сүреді. 1926 жылы мешітте діни мектеппен қатар тұңғыш рет қазақ бастауыш мектебі ашылған. Мектептер 1933 жылы бастауыш, 1934 жылы жеті жылдық, 1937 жылдан орта мектепке айналып, кейін жаңа жайға көшіріледі. Ал, мешіт-медіресе Шаян ауылындағы тарихи жәдігер ретінде бүгінгі күнге жетті.
Табанының аумағы 6,7 м х 6,6 м, ішкі көлемі 3,5х3,5 м, биіктігі 6 м. Қабырғаларының ішкі жағына әлемнің төрт жағына бағытталған тайыздау қуыс жасалған. Құрылысты күмбезбен жапқан. Аппақ ишан күмбезі пішімі жағынан Қазақстанның оңтүстігіне тән діни құрылыстарға жатады. Күмбездің ішінде екі сағана бар. Оның бірі – Шаян ауылындағы мешіт-медресені салдырған Аппақ ишандікі, екіншісі — осы Аппақ ишан күмбезін салған шебердікі.[2][3][4]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.