From Wikipedia, the free encyclopedia
The Ring (қаз. «Ринг») — бокс жайлы айсайынғы журнал. Негізі 1922 жылы АҚШ мемлекетінде қаланған. Иесі — Оскар Дела Хойя басқаратын Golden Boy Promotions компаниясы.
Журналдың бірінші редакторы бокстың Даңқ залының мүшесі Нэт Флэйшнер болған еді, ол бокс әлеміндегі болып жатқан дау-жанжалдарды басты назарға алды, жас әрі талантты боксшыларға танымалдыққа жетуге қол ұшын берді. Журналдың мұқабасында сол кездегі ең маңызды айқастардың суреттері жарияланған. Дэн Дэниэл журналдың негізін қалаушылардың бірі болды, әрі «Рингтың» тарихындағы маңызды авторларының бірі болған еді. 1977 жылы журналдын үш шетелдік нұсқасы жарық көрді: жапон, испан және француз тілдерінде. 1989 жылы «Ринг» журналы құрудың аз-ақ алдында тұрды. Сондықтан журнал сол жылы мүлдем шықпады десе де болады. Үздіксіз шығарылым 1990 жылы қалпына келтірілді. Журналдың мұқабасында әр жылдары: Эндрю Голота, Джек Демпси, Джо Луис, Рэй Робинсон, Джейк Ламотта, Рокки Марчиано, Уилли Пэп, Мохаммед Али, Роберто Дуран, Ларри Холмс, Марвин Хаглер, Рэй Леонард, Майк Тайсон, Эвандер Холифилд, Томас Хирнс, Рой Джонс, Бернард Хопкинс, Хулио Сесар Чавес, Феликс Тринидад, Мэнни Пакьяо, Оскар Де Ла Хойя, Джеймс Тони сияқты боксшылардың суреттері жарық көрді. Журнал мұқабасында суреті жарияланған жалғыз әйел боксшы -Кэти Дэвис болған еді. 2006 жылы журналдың баспасын Sports and Entertainment Publications компаниясы сатып алды. Бұл компанияны Оскар Де Ла Хойя басшылық еткен жабық инвесторлар тобы басқаратын еді. Рингпен қоса: KO, World Boxing и Pro Wrestling Illustrated журналдары да сатып алынды. Бұл журналдардағы боксшылардың рейтингтері көптеген телеарналардың назарында болды, мысалға ресми ESPN. Көпшілік пікірлердің қақтығысына назар аударды. Бұл журналдардың иесі промоутер Де Ла Хойя болатын.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.