From Wikipedia, the free encyclopedia
Standard & Poor’s (S&P) — Қаржы нарығының талдамалы зерттеулермен айналысатын McGraw-Hill корпорациясының еншілес серіктігі. S&P ең беделді үш халықаралық рейтинг агенттіктерінің қатарына енеді. Компанияның штаб-пәтері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан.
Халықаралық рейтинг агенттігі есебінде Standard & Poor’s эмитенттер мен бөлек қарыз міндеттерге қысқа және ұзақ мерзімді несиелерді беруімен айналысады.
Standard & Poor's-тің несие рейтингтерiнiң халықаралық шәкiлi ғаламдық (халықаралық) қаржы нарықтарының қатысушыларының қажеттiлiктерін қанағаттандыруы үшiн қызмет көрсетедi.
Ұзақ мерзiмдi рейтингтер эмитенттiң өз мiндеттемелерiн уақытында орындауға қабiлеттiлiгiн бағалайды. Компаниямен қойылатын рейтингтік бағалар әрiптiк белгiсi арқылы шығарылады: сенiмдi эмитент AAA бағасын иемденсе, D бағасына , дефолт жариялаған эмитентке иемденеді. АА және В бағаларының арасында плюс (+) және минус (-) таңбаларымен белгіленетін аралық бағалар бола алады (мысалы, BBB+, BBB и BBB-).
Қысқа мерзiмдi рейтингтер қысқа мерзiмдi қарыз мiндеттемелердiң дер кезiнде өтеу ықтималдығын бағалайды. Standard & Poor's компаниясымен қысқа мерзiмдi қарыз мiндеттемелер бойынша қойылатын несие рейтингтері әрiптiк - цифрлік белгi арқылы шығарылады: ең жоғары А-1 бағасынан, ең төменгі D бағасына дейін. Аса сенімді А-1 дәрежесіндегі міндеттемелер плюс (+) таңбасымен белілене алады. Сонымен бірге В дәрежесіндегі бағалар цифрмен нақтылана алады (B-1, B-2, B-3).
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.