Jusan Bank (толық атауы «First Heartland Jusan Bank» АҚ) — қазақстандық банк. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 20 аймақтық филиалы және 118 бөлімшесі бар.
Quick Facts Түрі, Лицензия ...
Close
- «Цеснабанктен машиналар шеруі» атты бірегей акция басталды, Банк салымшылары арасындағы ұтыс ойынында 45 автомобиль және өзге де көптеген сыйлықтар қарастырылды.
- Банк 125 млн. АҚШ долларына еврооблигация шығарылымын 9, 875% купонмен қоса және 2010ж. өтелетіндей етіп жүзеге асырды. Мәміленің жетекші менеджерлері Citigroup пен Dresdner Kleinwort болды.
- «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында жарғылық капиталды 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеге көбейту туралы шешім қабылданды.
- Қазақстан Республикасы Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігі төрағасының 07.02.2007ж. №53 бұйрығына сәйкес, «Цеснабанк» акционерлік қоғамына бағалы қағаздар нарығындағы кастодиальды қызметті жүзеге асыруға 07.02.2007ж. № 0007100290 лицензия ресімделді.
- Цеснабанк акционерлері директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының резиденттері емес екі тәуелсіз директорды: Джеффри Брэмптон Манди (Jeffrey Brampton Mundy) мен Яцек Бжезинскиді (Jacek Brzezinski) сайлады.
- Банк жаңа қызмет көрсетуді — мобильді банкингті, ұялы телефондардағы SMS-хабарламалар көмегімен карточкалық шоттар бойынша ақша қаражаты қозғалысын тәулік бойы бақылау жүйесін енгізді.
- Беделді Euromoney халықаралық қаржы журналы Цеснабанкті Орталық, Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы менеджменті үздік банктердің бірі деп таныды — «Best Managed Companies 2007» номинациясы.
- Банк ЮНИСТРИМ халықаралық ақша аудару жүйесімен серіктестік келісімге қол қойды.
- Банк Қазақстанда бір ай ішінде 3 филиалды – Тараз қаласында, Қызылорда қаласында және екінші филиалды Алматы қаласында ашты.
- Банк клиенттеріне төлем карталарын кредиттік лимитпен бірге беретін «Present» жаңа бағдарламасын енгізді.
- Банк сомасы 54 млн. АҚШ доллары болатын синдикатталған қарыз туралы келісімге қол қойды. Мәміленің жетекші ұйымдастырушылары мен букраннерлері Commerzbank AG және Standard Bank Plc болды. Citibank N.A., Dresdner Kleinwort және «Банк ВТБ» ААҚ та жетекші ұйымдастырушылар мәртебесін алды.
- Банктің «Действуй практично – пользуйся Visa» акциясына қатысуы.
- Банкоматтарға төлем карталарын пайдаланып төлеу үшін жаңа қызмет көрсету енгізілді:
1) «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың банк шоттарын толықтыру;
2) «Қазақтелеком» АҚ қызметіне төлеу.
- Банктің клиенттері мен қызметкерлері үшін төлем карталарын пайдаланып жаңа жаңартпалы кредит беру бағдарламасы енгізілді.
- Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «Цеснабанк» АҚ-тың рейтингтерін растады: шетелдік валютамен ұзақ мерзімді депозиттер бойынша «В1» деңгейінде, қысқа мерзімді «Not Prime» деңгейінде, қаржылық тұрақтылық рейтингі (РФУБ) «Е+» деңгейінде. Банктің барлық рейтингілерінің «Тұрақты» деген болжамы бар.
- Банк жеке тұлғалардың кейбір мерзімді депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылдады.
- Банктің тұрақты салымшыларын көтермелеу үшін жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша «Сенімділігі үшін үстеме» акциясы енгізілді.
- «Prepaid» алдын ала төленген карталары шығарылымы бойынша пилоттық жобалар енгізілді.
- Алматы облысы Қарасай ауданы Каменка кентінде Алматы облыстық филиалы ашылды.