From Wikipedia, the free encyclopedia
Boeing 747 — американдық Boeing компаниясы жасап шығарған кең фюзеляжды жолаушы және жүк тасымалдаушы ұшағы, әлемдегі ең бірінші екіпалубалы кең фюзеляжды жолаушы ұшағы. Көбіне «Джамбо Джет» (ағыл. Jumbo Jet) немесе 747 атауымен белгілі. Алғаш ұшуы 1969 жылы 9 ақпанда болды. Өзінің жасалу уақытында ұшақ әлемдегі ең ауыр, үлкен әрі сыйымдылығы жоғары жолаушы ұшағы болды және ол осы атақты 2005 жылы Airbus A380 ұшағының алғашқы ұшуына дейін иеленді.
Boeing 747 | |
All Nippon Airways әуе тасымалдаушысының Boeing 747 ұшағы | |
Түрі |
Кең фюзеляжды реактивті жолаушы ұшағы |
---|---|
Жобалаушысы | |
Өндірушісі | |
Мемлекеті | |
Алғашқы ұшуы |
1969 жылы 9 Ақпан |
Қолданысқа енгізілуі |
1970 жылы 22 қаңтар |
Статусы |
қолданыста |
Негізгі эксплуатанттары | |
Өндіріс жылдары |
1968—қазіргі уақыт |
Өндірілген бірліктері |
1458 (2012 жылы желтоқсан) |
Базалық моделі |
Boeing YAL-1 |
Нұсқалары |
Boeing 747SP |
Boeing 747 Ортаққорда |
Боинг 747 ұшағының жобасы 1960-жылдардағы әуе тасымалдарының жедел өсуі жағдайында пайда болды. Осы кезде АҚШ әуе тасымалында кең таралған Боинг 707 ұшақтары өсіп бара жатқан жолаушылар көлеміне шамасы жетпей жатты. Боинг корпорациясы осыған дейін АҚШ әскеріне арналған үлкен тасымалдаушы ұшағын жобалаумен айналысқан болатын, алайда корпорация Локхид компаниясының C-5 "Гэлакси" жобасынан жеңіліп қалды. Осы кезде компанияның ең сенімді сатып алушысы - Pan American әуе компаниясы 707 ұшағынан екі есе үлкен жолаушы ұшағына өз талаптарын жасап шығарды. 1966 жылы компания 747 атауы берілген жаңа ұшақтың конфигурациясын ұсынды. Алғашқыда ұшақ жобасы толықтай екі палубадан тұрды, бірақ бұл конфигурациямен шамалы қиындықтар пайда болғаннан кейін "өркешті" ұшақ нұсқасы белгіленді. Алғашқы сериядағы 100 ұшақтың 25-ін Pan Am сатып алды.
Ұшақ жарыққа шыққан уақытта мұндай ірі ұшақтарды жақын арада дыбыстан жылдам ұшақтар алмастырады деген тұжырымдар жасалған болатын. Сол себепті 747 бастапқыда жүк-жолаушы тасымалдайтын ұшақ болып жобаланды. Уақыт өте келе ұшақтарды толықтай жүк тасымалдаушыға қайта жарақтандыру маселесі де қарастырылған. Болашақта ұшақтың мұрын жағын жүк аппареліне айналдыру үшін экипаж кабинасы жоғарғы палубаға орналастырылды. Алдын ала есептеулер бойынша нарыққа 400-ге жуық ұшақты қажет делінген болатын, алайда 1993 жылы корпорация мыңыншы ұшақты жасап шығарды. 747 сатылымдар тек 21 ғасырдың алғашқы онжылдығында ғана азая бастады.
Ұшақтар өндірісі шамалы қиындықтармен кездесті: Боинг зауыттары мұндай ірі ұшақтарды өндірұге шамасы жетпейтін еді. Сол себепті Вашингтон штатындағы Эверетт қалашығында болашақ ұшақтар жанұясының үйі болған зауыт салынды.
Pratt & Whitney компаниясы алғашқыда тек 747 ұшағында қолданылған JT9D екі контурлылық дәрежесі жоғары үлкен турбовентиляторлы қозғалтқышын жасап шығарды. Қауіпсіздік деңгейін және ұшақтың ұшу сапасын арттыру мақсатында 747-де төрт қосымша гидраликалық жүйе және стандартты ұзындықтағы ұшу-қону жолақшаларында ұшақты қолдануға мүмкіндік берген саңылаулы жалғасқанатшалар қолданылды.
Boeing 747 ұшағының қысқартылған нұсқасы. Бұл нұсқа 1976 жылы жасалынды.
Boeing 747-400 ұшағының 5,5-метрге ұзартылған нұсқасы.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.