From Wikipedia, the free encyclopedia
Өткелбай Исаұлы (1805 – 1881) – би. 2 сыныпты орыс мектебін бітірген. Перовск уезі бастығының көмекшісі, уездегі Жаппас руының Жылкелді бөлімінің биі болған. 1857 жылы 14 қыркүйекте Сырдария желісінің басқарушысы ген. Фитингрофтың ұсынысымен зауряд-хорунжий атағына ұсынылған. Жаңақорған мен Түркістанды қоқандықтардан босатудағы еңбегі үшін марапатталған. Өткелбай ел ісіне белсене араласып, халықты отырықшылыққа жұмылдырып, егіншілікті қолға алды. Оның бастамасымен арықтар қазылып, мектептер мен мешіттер салынды. 1880 жылы Перовск уезіндегі қалалық училищені қамқорлыққа алды. Өткелбай жайында Жарылқап, Ораз, Кеншімбай ақындар жырлаған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.