Өспен
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Өспен — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Өспен ауылдық округі орталығы.
Ауыл | |
Өспен | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Құрылған уақыты |
1847 |
Бұрынғы атаулары |
Нілді |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼786 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
09 |
Өспен шекарасы
|
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан батысқа қарай 70 км-дей жерде.
Іргесі орыс көпесі Н.Ушаков ашқан мыс кен орнының негізінде 1847 жылы қаланған. XIX ғасырда Нілді болысының, кейіннен Нілді және басқа болыстар біріктіріліп, Асан Қайғы болысы ұйымдастырылған кезеңде осы болыстың орталығы болды. Асан Қайғы болысының негізінде 1928 жылы Асан қайғы ауданы құрылып, 1929 жылы С.Сейфуллиннің ұсынысымен Жаңаарқа аудандық болып қайта құрылғанда Успен руднигі деген атаумен осы ауданның құрамына кірді. Өспен кенішінде 1905 жылы желтоқсан айында ел тарихында елеулі орын алған жұмысшылар ереуілі болды (Кеніш жұмысшылырының ереуілдегі қойған талаптары: азық түлікті реттеп, киім кешек бөлсін; жұмысшылардың еңбек ақысын арттырсын; жұмысшылардың қазарма үйі оңдалсын; Ресейдегі мектептер үлгісімен жақын арада 4 бөлімді орыс - қазақ мектебі салынсын;). Сол кезеңде, яғни 1906-1909 жылдары Өспендегі мектепте қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі С.Сейфуллин оқыды. Қазақстандағы метталогения мектебінің негізін қалаушы, геология саласының көрнекті маманы Қаныш Сәтбаев Өспен мыс қорыту зауытында болып, онда ғылыми барлау жұмыстарын жүргізген.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.