From Wikipedia, the free encyclopedia
ӘУЕЗОВ ЕСКЕРТКІШІ — ұлы жазушы М. Әуезовке қойылған ескерткіштердің ортақ атауы.
Алғашқы ескерткіш 1967 жылы Алматы қаласындағы Қазақ академиялық опера және балет театры жанындағы алаңға қойылды (мүсінші Т. Досмағамбетов, археолог М. Меңдіқұлов). Шойыннан құйылған ескерткіш-мүсіннің тұғыры баспалдақ түрінде жасалған. Биіктігі 6 м. Екінші ескерткіш 1980 жылы Алматы қаласындағы Қазақ академиялық драма театры алдына орнатылды (мүсінші Е. Сіргебаев, арх. О. Баймырзаев, М. Жақсылықов және А. Қайнарбаев). Оған 1982 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының берілді. Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры қара сұр граниттен қаланған. Биіктігі 6,8 м. Жазушы терең ой құшағында бейнеленген, оң қолында кітабы, желбегей жамылған шапаны бар. Ескерткіш театр ғимаратымен әсем үйлесім тапқан. 1987 жылы ұлы Жазушының туғанына 90 жыл толар қарсаңда Семей қаласында Ертіс өзенінің бойына тағы бір ескерткіш тұрғызылды. Қоладан жасалған мүсін ескерткіштің биіктігі 5 м (мүсінші Т. Досмағамбетов, арх. А. Қайнарбаев).[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.