Әл-Фараздақ (шын есімі: Һаммам ибн Ғалиб ибн Сағсаға әд-Дарими әт-Тамими, 641728 немесе 730) — атақты араб ақыны. Ол тамим деген үлкен тайпалық-рулық бірлестіктің дарим руынан шыққан. Оның лақап аты парсының «паразда» (парсы: پرازده‎‎) деген «қамыр бөлігі» мағынасын беретін сөзінен шыққан.

Жаңа мұсылман дәуірінің I-ші ғасырының ақыны болғанымен, ол көпқұдайшы Арабияның джәһилия (надандық) кезеңінің дәстүрлі бедуиндік поэзиямен тығыз байланыста болды. Ол өзінің өлеңдерінде бедуиндік идеалдар мен жақсы қасиеттерді мақтады, өз туыстары мен тайпасының дәрежесін көтеріп, жаулары мен қарсыластарын сөкті. Әл-Ахтал және Джарир ибн Атыямен бірге атақты сатира жене панегирик жанрының үш өкілінің ақындық шайқасына қатысты. Саяси-діни қақтығыстар мен тайпалар арасындағы араздық атмосферасында Фараздақтың араб поэзиясының қарапайым тақырыптарына жазылған өлеңдері көкейкесті мағынаға ие болды. Әл-Фараздақтың ақындық мұрасының толық ғылыми басылымы әлі шығарылған жоқ.

Әдебиет

  • Фараздак — Краткая литературная энциклопедия.

Тағы қараңыз

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.