From Wikipedia, the free encyclopedia
Мұхаммед әл-Мәһди (араб.: محمد المهدى; 3 тамыз 744, Бағдат — 27 тамыз 785) — Ислам халифатының 21-ші халифасы, мүміндер әмірі. Әл-Мансұрдың баласы әрі ізбасары.
Мұхаммед әл-Мәһди араб.: محمد المهدى | ||
783 жылы әл-Мәһди атымен шығарылған динар | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
775 — 27 тамыз 785 | ||
(Лақап аты Әл-Мәһди) | ||
Ізашары | Әл-Мансұр | |
Ізбасары | Мұса әл-Һәди | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | 3 тамыз 744 Бағдат, Ислам халифаты | |
Қайтыс болуы | 27 тамыз 785 (41 жас) Ислам халифаты | |
Династия | Аббас әулеті | |
Әкесі | Әл-Мансұр | |
Анасы | Әруә Үмм Мұса | |
Жұбайы | Рита бинт Әбілаббас Хайзуран Үмм Әбдулла Рұқайс | |
Балалары | Ұлдары: Мұса әл-Һәди Һарун әр-Рашид Иса Ғұбайдулла Мансұр Ибраһим Қыздары: Банука Аббаса Улайя | |
өңдеу |
Халиф Әл-Мансұр өз баласына жақсы білім беруге тырысқан. Оның тәлімгерлерінің бірі ғалым Әбу Ғұбайдулла Мұғауия болды. Ол келешек халифаны көптеген ғылымдарға, мемлекеттік басқару негіздеріне үйретті, Сасанидтердің мемлекеттік жүйесіне деген сүйіспеншілігін оятты. Араб грамматикасы мен поэзиясын араб филологы әл-Мүфаддала әд-Дабби үйретті. Әл-Мәһди үшін ұстаз тіпті 66 ең үздік араб ақындарының антологиясы "әл-Мүфаддалият" атты кітап шығарды.
Замандастарының айтуынша әл-Мәһди сыртқы әдемілігімен, сымбаттылығымен, ұзын бұйра шаштарымен ерекшеленеді. Пендешілік өмірден аулақ әкесі әл-Мансұрдан гөрі әл-Мәһди пендешілік өмірге жақынырақ болды. Тіпті оның махаббат хикаялары жайлы аңыздар да бар. Поэзия мен саз өнерін қатты сүйді. Оның тұсында халиф сарайы өзінің бай мәдениетімен, сән-салтанатымен, сәнділігімен ерекшеленетін сарайға айналған. Сонымен қатар әл-Маһдидің сүйіп шұғылданатын өнері аңшылық болған.
758 жылы әл-Мансұр өз мұрагерін Хорасан наменгері етіп тағайындады. Хорасанның орталығы Рей қаласы болатын. Әл-Мәһдидің бас кеңесшісі ықпалды Бармакид әулетінен болған Жақия ибн Халид болды. Соңғысы халифтің өмір жолында өте жақын серігі болып қала берді. Сонымен қатар әл-Мәһдиге йемендік күң Хайрузан өте жақын болатын.
768 жылы Хорасаннан келген әл-Мәһди жаңа елорда Бағдаттың құрылысында қатысып, өзіне арнап жеке сарай салды (Русафа ауданында). 772 жылы мұрагер халифке Евфрат жағалауында, Бағдаттан солтүстікке қарай орналасқан тағы бір қаланы салуға көмектесті.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.