From Wikipedia, the free encyclopedia
Әбу Мұхаммед әл-Хусәйн ибн Масғуд ибн Мұхаммед әл-Фарра әл-Бағауи (һижра бойынша 433/436 — 516) — Ислам дінінің имамы, хафиз, Шафиғи мазһабының фақиһы, муджтаһид, парсылық муфассир, мухаддис ғалым. Сонымен қатар «рукн әд-дин» (діннің тірегі), «мухй әс-сунна» (Сүннетті тірілтуші) деп те аталады[1]. «Тафсир әл-Бағауи» деп аталатын еңбегі арқылы танымал. Әл-Фарра нисбасы оның тері өңдеу мен сатуға қатысын (арабша фарв — «тері» мағынасын береді), ал әл-Бағауи деген оның «Бағшур» («Бағ») қаласынан шыққанын білдіреді (ол қала Хорасанда, Маруа әр-Руд пен Гераттың[үлгіні алып тастау] ортасында орналасқан)[2].
Сонымен қатар әл-Бағауи хадиске арналған «Шарх әс-Сунна» және «Масабих әс-сунна» шығармаларымен танымал. «Масабих әс-Сунна» әт-Табризидің қосымшаларымен бірге танымал «Мишкат әл-Масабих» жинағын құрайды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.