From Wikipedia, the free encyclopedia
“Әлем” — Қазақстан Қазақстан жазушылар одағы жанындағы аударма және әдеби байланыс жөніндегі бас редакциялық алқа шығарған әдеби-көркем және қоғамдық-саяси альманах. 1991 жылы қазақ және орыс тілдерінде 2 саны ғана жарық көріп, қаржы тапшылығына байланысты шықпай қалған. Көлемі — 27,99 б.т., таралымы — 25 мың дана. Альманахтың “Жыртұмар”, “Жадыны жаңғырту”, “Ойтолғақ”, “Арна”, “Дәнекер” т.б. бөлімдерінде ұлттық дүниетаным, саяси, әдеби-мәдени байланыстар, қазақ халқының тарихындағы ерекше құбылыстардың зерттелу мәселелері туралы көркем, ғылыми-танымдық материалдар жарияланған.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.