From Wikipedia, the free encyclopedia
Әзіз Шейх хан (араб.: ﻋﻪﺯﻳﺯ ﺷﻪﯿﺌﺡ) — 1365 жылдан 1367 жылға дейін билік еткен Алтын Орда ханы. Әзіз Шейхтың есімі арабша «Әзіз» - «бағалы, қымбатты» және «шейх» - құрметті деген мағынаны береді. Әзіз Шейхтың шығу тегі жайлы көзқарастар әртүрлі. Әрине оның Шыңғыс тұқымынан екенінде күмән жоқ. Р. Ю. Почекаев оны шибандық санап, шығу тегін былай таратады: Шибан — Сайлықан — Құтлұқ-Темір— Буралтай — Барық — Түн Қожа — Әзіз Шейх. Ол Әзіз Шейхты өзге шибандық — Мұрадтың мұрагері дейді. А. П. Григорьев дәлме-дәл тұжырымдама жасауға қашқалақтайды. Алайда оның Өзбек ханның әулетіне қатысы жайлы жорамал жасайды. Якубовский «Ескендір анонимінің» сөздерін мысалға келтіреді. Бұл еңбекте Әзіз Шейх Темір Қожаның ұлы, әрі Орда Шейхтың немересі деп жазылған. Әзіз Шейх Ордадағы аласапыран кезінде билік жүргізді. Сарайдағы аласапыранға Абдулла ханды қолдайтын Мамайдың қатысы бар (Мамай Шыңғыстық болмағандықтан хан тағына отыра алмады). Мамай орданың батыс аймағында мықты тірекке ие болды.
Әзіз Шейх хан | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1365 — 1367 | ||
Ізашары | Мір Болат хан | |
Ізбасары | Абдулла хан | |
өңдеу |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.