From Wikipedia, the free encyclopedia
Әбу Ибраһим Исхақ Әл-Фараби(туған жылы белгісіз — 951 ж.ш.) — қазақ даласынан шыққан ғұламалардың бірі, әдебиетші, тіл маманы, ұстаз. Әбу Наср әл-Фарабидің замандасы. Қазіргі Түркістан облысының жеріндегі көне Фараби (Отырар) қаласында туған. Жас кезінде сонда оқып, кейін білім іздеп, араб елдеріне аттанған. Біраз уақыт ерте кезден оқу, білім, ғылым орталығы болумен аты шыққан Иемендегі Забид қаласында тұрған[1]. Көп жылдар Шығыс елдерінде өмір кешіп, өзінің ғылыми еңбектерін жазған. Кейінен Отанына оралып, ұстаздық етіп, туған шаһарында дүниеден қайтқан.[2]
Әбу Ибраһим Исхақ Әл-Фараби есімі араб әлеміне ертеден белгілі. Оның құнды зерттеулері, қолжазбалары Веймар, Париж, Лондон, Фес, Каир т.б. ірі қалалардағы кітапханаларда сақтаулы. Ішіндегі ең ірісі, әрі қазірде белгілісі — “Диуан әл-адаб” (“Әдеби жинақ”). Ғалым бұл еңбегінде әдебиет пен тіл мәселелерін жан-жақты зерттеп, жүйелеген. Бұл еңбекті белгілі араб ғалымдары Ахмад Мұхтар Умар мен Ибраһим Анис Каирде 4 том етіп (1-т., 481 б., 1974; 2-т. 501 б., 1975; 3-т. 470 б., 1986; 4-т. 259 б. 1978;) бастырып шығарған. Ғылыми еңбектерін алғаш тауып, зерттеген неміс шығыстанушысы К. Брокельман (1868 — 1959).[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.