Әбу Зайд ибн Сахл әл-Балхи (парсы: ابو زید احمد بن سهل بلخی) - бірқатар маңызды географиялық шығармалардың авторы.
Орта Азияның Балх қаласында туған. Жас кезінде 8 жыл Иракта болып, атақты араб философ әл-Киндиден деріс алды. Мұнда ғылымның түрлі саласынан білімге қанықты, әсіресе оның астрономия және филология жөніндегі пайымдауы ерекше бағаланады. Балхидың көптеген шығармаларының ішінде Сувар ал-акалим («Аймақтар бейнесі»), Таквим ал-булдан («Қалаларға бөліну») деген географиялық еңбектері белгілі. Шығарма карталар мен атластардан құралған, оның әрқайсысына түсініктеме берілген. Кейін бұл шығарманы әл-Истахри (941) өзінің "Китап месалик әл-мемалик"( "Елдерге саяхат кітабы") атты еңбегіне қосқан болса керек. Ибн-Хаукәл де оны өз еңбегінде кеңінен пайдаланған. Әл-Балхи еңбектері Шығыс тарихын, оның ішінде, Орта Азия мен Қазақстан тарихын географиялық тұғырдан зерттеуде ерекше роль атқарады[1].
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.