Әбдіров ескерткіші
From Wikipedia, the free encyclopedia
Әбдіров ескерткіші – Қарағанды облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген монументтік өнер құрылысы ескерткіші.
![]() | |
Орналасуы |
Қарағанды қаласы |
---|---|
Жоба авторы |
Сәулетші Л.Е. Воробьев, мүсіншілер А.П. Билык, Ю.В. Гуммель. |
Түрі |
монументтік өнер құрылысы |
Құрылыс материалы |
қара мәрмәр, шойын |
Биіктігі |
9 м |
Орналасқан жері

Қарағанды қаласы, Н. Әбдіров даңғылы.
Кезеңі және авторлары
Кеңестік ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің (1919-1942 жж.) ескерткіші 1958 жылы орнатылған, сәулетші Л.Е. Воробьев, мүсіншілер А.П. Билык, Ю.В. Гуммель.
Ескерткіш сипаты

Ұшқыш-сержант Әбдіровтің беліне дейінгі денесін бейнелейтін мүсін сына тәрізді биік тұғырға қойылған. Мүсіннің кейіпкермен түр ұқсастығы, киім формасының дәлдігі ескерткіштің жетістігі болып табылады. Мүсіншілер батырдың жанып бара жатқан самолетті Сталинград (қазіргі Волгоград) түбінде тұрған жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттаған, дәл ерлік жасар сәтіндегі өжет шешімге келген жүзін анық көрсеткен. Шойыннан құйылған мүсіннің биіктігі 4,8 м, мәрмәр тақтамен қапталған. Жалпы биіктігі 9 м ескерткіш үлкен көшемен жақсы жарасым тапқан. 1985 жылы ескі тұғыр жаңартылды.[1][2]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.