From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұлжан (1810-1887) - Құнанбайдың екінші әйелі, Абайдың анасы. Арғы атасы Орта жүз Қаракесектен тарайтын Шаншардың Нұрбике деген әйелінен туған Бертіс биден: Мөшке, Битен, Шитен деген немерелері өрбиді. Битеннен - Қантай, Тонтай, Тұрпан, Тұрпаннан - апалы-сіңлілі Ұлжан, Молқара дүниеге келеді. Ұлжаннан: Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан туады. Ұлжан өте сабырлы, кең мінезді, сөзге ұста, тапқыр, шешен кісі болған. Абай анасының осындай асыл қасиеттерін жастайынан бойына сіңіріп өскен. М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында Ұлжанның бейнесін тамаша бейнелеген.[1]
Ұлжан қалжың сөзге ұшқыр болғанымен, салмақтылыққа бағып көп әжуаға бара бермеген. Бұл біріншіден өз бойындағы әйелге тән ұстамдылықпен байланысты болса, екіншіден Құнанбайдай ел басқарып отырған көсем, сөз ұстап отырған шешенмен жарыса шығуды жөн деп таппаған ақылды қазақ әйеліне тән қылықтан болса керек. Ұлжан - Абайды ақ сүт беріп өсірген анаcы, ол аз - Ұлжан Абайдың ақын болуына тікелей әсер еткен жан деген пікірлер де кездеседі.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.