From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлкен Алматы шыңы (3684 м) — аса ірі пирамида тәрізді шың. Бұл шыңды Алматы қаласының кез-келген жерінен көруге болады. Шыңға Үлкен Алматы көлі, немесе Жосалыкезең асуы (3330 м) арқылы, Проходной шатқалымен Космостанция арқылы оңай көтерілуге болады.
Үлкен Алматы шыңы | |
Үлкен Алматы шыңы (Алматы қаласының оңтүстік-батысынан көрінісі) | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Биіктігі |
3684 м |
Орналасуы | |
43°03′18″ с. е. 76°56′03″ ш. б.43.05500° с. е. 76.93417° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Бұл - ХІХ ғасырда Верный қаласының тұрғындары тұңғыш көтерілген шың. Бүгінгі күні де шың төбесі Алматыны, әсем табиғатты тамашалау орнына айналған. Жосалыкезең асуының оң қабатын ала орналасқан Турист шыңына (3954 м) тау шаңғысы трассасы арқылы көтерілуге болады. Ол үшін арнайы дайындық және 5-6 сағат уақыт керек болады. Трапеция тәрізді Б.Момышұлы атындағы қос басты (4047 м) шың Турист шыңының оңтүстігінде орналасқан. Оған көтерілу ерекше техникалық дайындықты қажет етпейді, шыңның оңтүстігіндегі көкорай шалғынды бойлай, Үлкен Алматы көлінің жоғарғы жағындағы шатқалмен көтерілуге болады. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.