From Wikipedia, the free encyclopedia
Құл саудасы — 1737 ж. император әйел Анна Иоанновнаның Жарлығымен құл сату заңдастырылды.
Қазақ халқының жоңғарлармен болып тұратын үздіксіз қарулы қақтығыстары, Хиуа хандығының орыстар мен қазақ ауылдарына шабуылдары жау жағында тұтқындардың көп болуына әкеліп соқтырды. Олар қолға түскендерді құл етті. Жұт жылдары еш нәрсесі қалмай кедейленіп қалған қазақтар оларды өлімнен құтқару үшін оларды құлдыққа сатып жіберді. 1755 бекітілген жарлық бойынша крепостной адамдар тауарға айырбас ретінде немесе сатып алуға құқық алды және сатып алынған құл міндетті түрде шоқындырылды. Құл саудасы Жоңғар хандығының құлдырауымен күшейе түсті. Ең бастыты ішкі базар - Ірбіт жәрмеңкесі болды, сауда сонымен қатар жүйедегі бекіністер мен Сібір қалаларында да жүргізілді.
Бағалар жинақталып қалған конунэктурамен белгіленді. 1737 ж. 40 жастағы әйелдер 12 сомға, бұхарлық 30 жастағы ер адам әйелімен - бір ат, айғыр және 16 сомға, 40 жастағы қазақ әйелі - бір ат және 6 сомға сатылды. 1748 ж. әулиеПетр бекінісінде бір 25 жасар бұхарлық әйел құлыны бар бір бие және бір шекпен, ар бұхарлық 16 жасар ер бала - 12 сомға,20 жасар қазақ бала- 15 сомға сатылды. Бұл бағалардың барлығы жоғары саналды. Екі пұт сиыр еті 80 тиын тұрды, ал ат - 5 аршын шұға (91,5 тиын) және 4,57 сомға сатылды. 1822 ж. Жарғы бойынша құлдық жойылды[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.