From Wikipedia, the free encyclopedia
Құлажон, Қулыжон – Ертіс алабындағы өзен.
Құлажон | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 112 км |
Су алабының ауданы |
704 км² |
Су алабы | Ертіс өзені |
Су ағысы | |
Бастауы | Қалба жотасының шығысы |
• Биіктігі | 1560 м м |
Сағасы | Үлкен Бөкен өзенінің сол жағы |
• Координаттары | 48°34′03″ с. е. 83°19′16″ ш. б.48.56750° с. е. 83.32111° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Абай облысы Көкпекті ауданы |
Абай облысы Көкпекті ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 112 км, су жиналатын алабы 704 км2.
Бастауын Қалба жотасының шығысындағы абсалюттік биіктігі 1560 м болатын таулардан бастау алып, Үлкен Бөкен өзенінің сол жағынан құяды.
Жалпы ұзындығы 155 км болатын 50-ден астам саласы бар. Ірілері Көпірлі, Талды, Оразбай, Еспе, т.б. Аңғары жоғарғы ағысында (Глазуново ауылына дейін) тар шатқалды, Қазнақ ауылынан дейін жағалауы жарлауытты, ал Көкжота ауылынан төменде жазық, батпақты өңірмен өтеді. Жағалауында және батпақты жерлерінде қамыс, құрақ өскен. Жауын-шашын, мұздық сулармен толығады. Көп жылдық орташа ағымы Көкжота ауылының тұсында 3,53 м³/с.
Құлажоннан балық ауланады, ағаш бөренелер тасымалданады. Суы егістікке, алабы шабындыққа пайдаланылады. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.