From Wikipedia, the free encyclopedia
Құдық[1] – гидротехникалық құрылыс. Елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету және жер суландыру үшін пайдаланылады. Археологиялық зерттеулерге қарағанда құдық қола дәуірінде қазыла бастаған. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы қонысынан қазылған құдықтар анықталған. Дәстүрлі қазақ қоғамында табиғи су көздері жоқ шөл және шөлейт өңірлерде құдық көптеп қазылды. Сонымен қатар құдық мұнай, т.б. сұйықтарды өндіру, жер бетінен атмосфералық және беткей суларды аластау (топырақты кептіру) және жер асты суларының режимін зерттеу мақсатымен де қазылады. Құдық— жерасты суларын, мұнайларды, басқа да сұйықтарды өндіру, жер бетінен атмосфералық және беткейлік су ларды аластау, топырақты құрғату, немесе жерасты суларының режімін зерттеу мақсатыңда әдейі қазылатын қазынды. Қолданылуына қарай құдықтар грунт, артезиан, кәріздеу және бақылау болып 4 түрге бөлінеді. Құдықтар қазылу әдістеріне қарай шахталы (шегенді) және құбырлы деп аталады.
Құдықтың қазылу уақыты, кұдьіқ оқпаны өткен таужыныстардың кимасы, судың дебиті, оның физикалык және химиялық сипаты және т.б. деректер тіркелетін құжат. Синонимі: тіркеу парағы.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.