From Wikipedia, the free encyclopedia
Қырымқұл би Әнетұлы (шамамен 1750/52 жылдар арасында туған – өлген жылы белгісіз) — Байұлы тайпасы Адай руының Бәйімбет бөлімінен шыққан би, шешен.[1] Қырымқұл би Әнетұлы бірнеше жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, халыққа имандылық дәнін сепкен. Өзі 1798 жылы қажылық парызын өтеуге Меккеге барған сапарынан оралмаған. Оған топырақ Медина қаласындағы пайғамбар мешітінің күн шығыс жағындағы үлкен қорымнан бұйырыпты.[2]
Адай Батыр – Келімберді – Мұңал Батыр – Бәйімбет – Алдаберді – Райымберді – Текей – Әнет – Қырымқұл
Әнеттің үлкен ұлы Қырымқұл жас кезінен өте алғыр, пысық және зерек болып өсіпті. Әкесі Әнет оның істеген ісі, айтқан әңгімесіне көңілі толып, шүкіршілік етеді екен. 5–6 жасқа келгенде "тілі сынсын" деп Қырымқұлды ауыл молдасына оқуға беріпті. Табиғатынан зерек Қырымқұл өзімен қатар балалар әлі әліпбиден шыға алмай отырғанда Әптиек, Құранды тәмамдапты. 7–8 жасқа келгенде араб, түркі, парсыша жазылған кітаптарды оқып тауысқан көрінеді. Сонда молда Әнетке: "Енді менің балаңды оқытуға шамам келмейді. Оны Бұқара, Мекке сынды шәһарлардағы жоғары медреселерге оқуға жіберу керек. Бірақ оқу өтіп кетіп кеселге шалдығуы да мүмкін" деп ескертіпті дейді. Қырымқұлдың одан кейін қайда барып оқығаны туралы дерек жоқ, бірақ түйіні қыйын мәселелерді шешерде Құраннан, Пайғамбардың хадистерінен дәлелдер келтіре отырып ақиқатын айтатын шешен де би болған делінеді. Қырымқұл (1798) 1850–1919 жылдары аралығында Адай руынан Мекке-Мадинаға хажылық парызын өтегендер тізімінде бар, Меккеде қалған дейді.[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.