Қызылсу қорымы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қызылсу қорымы — тарихи-этнографиялық мәдени ескерткіш. Қарақия ауданы жеріндегі архитектуралық-мәдени кешен (19 ғасырдың ортасы - 20 ғасырдың басы) үлгісі.
Бұл - бұрыштарында мұнаралары бар. Төбесі жабылмаған, салынып бітпеген мешіті бар орташа көлемдегі қорым. Мемориалдық құрылысы әктас, ұлу тастардан қашалып жасалған, ою-өрнекті, төрт бұрышты сағанатамдар көп. Бейіт ортасында композициялық тұтастығы, ою-өрнегімен көз тартатын, сәулетші Нұрнияз Ізбасарұлы салған Боран кесенесі орналасқан. Шағын архитектуралық пошымдарға ұштас, бестас, қойтас, сандықтастарды жатқызуға болады. Бұлардың композициялық құрылымы, геометриялық пішіні қарапайым.[1]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.