From Wikipedia, the free encyclopedia
Қуаңшылық[1] - ауа температурасының күрт көтерілуі мен ылғалдың шұғыл азаюы әсерінен туатын күрделі метеорологиялық құбылыс. Ұзақтығы әр түрлі табиғи зонада түрліше болады.
Ұлы Октябрь социалистік революциясынан дейін қуаңшылыққа қарсы қолданылатын агротехникалық шаралар кешені болмағандықтан, қуаңшылық аяғының жұтқа айналған кезеңдері (әйгілі Қоян, Мешін, Жылан, 1880, 1892, т.б. жылдар) болды, мал өсіруге зор нұқсан келтіріп, елді қатты күйзелтті.
Қазақстанда 1950, 1957, 1961, 1965, 1967, 1968, 1974, 1977 жылдары және 1952, 1953, 1969 жылдары тамыз, 1977 жылы маусым, 1956, 1962, 1974 жылдары шілде, 1980 жылы мамыр айларында қуаңшылық болды. Кейбір жылдары қатарынан бірнеше айға созылды. 1955 жылы - 2 ай (мамыр, маусым), 1975 жылы - 3 ай (маусым, шілде, тамыз).
Қазақстанға Иран, Ауғанстан аймақтарында қалыптасатын, қысымы өте жоғары, құрғақ және ыстық антициклон өтіп, жаз бойы сақталады. Сібірден келетін ылғалды салқын ауа жоғары қысымды антициклонды бұзып өте алмай тоқтап қалады. Осылардың салдарынан Қазақстан даласында қуаңшылық болып тұрады.
Қуаңшылық әсерін кеміту үшін атмосфераның жер бетіне жақын қабатындағы ылғал мен жылу балансын реттеу мақсатында жерді арнайы агротехникалық әдіспен жырту, егістікті суару, қар тоқтату, ағаш алқабын жасау, астық тұқымын қолайлы уақытқа себу сияқты шаралар жүргізіледі. Қуаңшылық табиғаттың күрделі құбылысы, сондықтан көрсетілген шаралар кешенін қолдану қуаңшылықтың зиянды зардабын бәсеңдетуге септігін тигізеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.