From Wikipedia, the free encyclopedia
Егізбаев Қосай Әліқұлұлы (15.12.1928, Жамбыл ауд. Мәукеарал а. - 13.2.1995, Алматы) - қоғам және мемлекет қайраткері.
Ташкент темір жол көлігі инженериялық институтын бітірген (1949). Сібір темір жол басқармасында бірнеше жыл (1949-1955) қызмет атқарды. Бұдан кейінгі жылдары ол мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік қызметтердің әр саласындағы жетекшілік қызметтерде болды. Қазақстан КП ОК-нің құрылыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1960-61), Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы, Гурьев (Атырау) облысы партия комитетеінің 1-ші хатшысы, Шығыс Қазақстан облысы партия комитетінің 2-хатшысы (1963-68) қызметтерін атқарды. 1968-1977 ж. Қазақстан кәсіподақтары кеңесінің төрағасы болды. Қазақстан кәсіподақтарының жетекшісі және Бүкілодақтық кәсіподақтары Кеңесі төралқасының мүшесі болған кезінде Егізбаевтың басшылығымен республикамызда жаңа санаторийлер мен демалыс үйлері, 14 туристік базалар, 12 қонақүй мейрамханаларымен қоса салынды. Алматы 2 стансасында туристік пойыздарды қабылдау орны, тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 1977-84 ж. селолық құрылыс минстрінің, 1984-88 ж. республикалық халықтық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды. Егізбаев Кеңестер Одағы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.