Қара қоңыр топырақ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қара қоңыр топырақ[1] - құрғақ және шөлді дала белдемінің топырағы.
Түзілуі
Солтүстіктегі қоңыржай дала белдемінен оңтүстікке жылжыған сайын ылғал азайып, күн қатты ысиды. Осыған байланысты өсімдік түрлері азайып, сирей бастайды. Мұндай өсімдіктер топыраққа мардымды органикалық қалдықтар қалдырмайды. Сондықтан бұл қалдықтардың ыдырап, топырақ қара шірігін түзгенде, қара топырақты белдемдегідей қара түске боялмай, топырақ түсі қара қоңыр түске боялады.
Түрлері мен құрамы
Солтүстіктен оңтүстікке құрғақ және шөлді-далалы белдем үш белдемшелерге бөлінеді:
- құрғақтау дала - топырағы күңгірт қара қоңыр, қара шірінді мөлшері 3-4%;
- құрғақ дала - топырағы қара қоңыр, қара шірінді мөлшері 2-3%;
- шөлді дала - топырағы бозғылт қара қоңыр, қара шірінді мөлшері 1,5-2%.
Таралуы
Қазақстан жерінің ¹/³ -і осы белдемде жатыр, жалпы аумағы 90,7 млн.га-ға жетеді. Оның 28 млн.га-сы күңгірт қара қоңыр, 24,3 млн.га-сы жай қара қоңыр, ал 38,4 млн.га-сы бозғылт қара қоңыр белдемшелер.
Қара қоңыр топырақтың біршама бөлігі Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарының етегінде таралған.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.