From Wikipedia, the free encyclopedia
Қарақұлжа ауданы (қыр. Кара-Кулжа району) — Қырғызстанның Ош облысы құрамындағы аудан. Аудан орталығы — Қарақұлжа ауылы.
Ауданның жер көлемі 5712 км2.
Ферғана және Алай тау жоталарының қиылысқан жерінде орналасқан. Ауданның халық қоныстанған аймақтары биік таулы аңғарларда орналасқан.
1936 жылы Совет ауданы болып құрылған. 1962 жылы таратылып, 1969 жылы қайтадан қалпына келтірілді. 1992 жылы Қарақұлжа ауданы болып атауын өзгертті.
Халықтың жалпы саны 88,5 мың адам, оның ішінде ерлер 44,4 мың адам, әйелдер 44,2 мың адам (2007).
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша аудан халқының саны 87691 адамды құрады, оның ішінде қырғыздар - 87 610 адам немесе 99,9% .
Аудан құрамына 12 айылдық округ (айыл кенеш), оның ішінде 50 ауыл (айыл) кіреді[2].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.