From Wikipedia, the free encyclopedia
Қандыағаш (Alnus) – қайыңдар тұқымдасына жататын ағаш. Негізінен Солтүстік жарты шарда өсетін 40-қа жуық түрі белгілі. Бұлардың биіктігі 20 – 35 м-дей, бір үйлі, дара жынысты болады. Қабығы қара қоңыр. Жапырағы кезектесіп орналасады, олардың жиегі иректеліп, астыңғы беті қалың жүйкеленіп біткен. Аталық гүл шоғы ұзын сырға тәрізді, аналық гүл шоғы – масақша, ол жеміс піскенде бүрге айналады. Бүрі ерте көктемде ашылады. Жел арқылы тозаңданады. Жемісі – бір тұқымды, қос қанатты жаңғақша. 50 – 120 жылдай өседі. Қандыағаштың тамырындағы түйнек бактериялары бос азотты сіңіріп, топырақтың құнарлылығын арттырады. Қандыағаштың сүрегі жеңіл, қызыл түсті. Одан үй жиһаздары, ыдыс жасалады. Өзен жағалауларын, жырауылысайларды бекітуге пайдаланылады. Оның көшеттерін қала және өндіріс орталықтарын көгалдандыруға қолданылады. Бүрінен дәрі алынады. Бір түрі – жүректәрізді қандыағаш (Alnus subcordata) – реликт өсімдік. Қазақстанда 1 түрі – жабысқақ қандыағаш бар.[1][2]
Alder | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Alnus serrulata
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.