From Wikipedia, the free encyclopedia
Қалемше– аналық өсімдіктен бөлініп алынған сабақ, тамыр, жапырақ. Cабақ және тамыр қалемшелері болып бөлінеді. Cабақ қалемшесі өсімдікті вегетативті көбейту үшін қолданылады. Дайындалу мезгіліне қарай: сүректелген қалемше және көк қалемше болып ажыратылады. Сүректелген қалемше буыннан, буын аралығы мен бүршіктен тұрады. Оны өсімдік өркені толық жетіліп, жапырақтары түскеннен кейін күзде немесе қыста дайындайды. Тамырландыруға дайындалған қалемшенің ұзындығы 18 – 22 см, жуанд. 6 мм-ден кем болмауы тиіс. Мұндай қалемшелердің жоғ. ұшын бүршіктен 1 – 1,5 см қалдырып, ал төм. бөлігін буын аралығының кез келген жерінен кесе береді. Көк қалемше – өсімдіктің қарқынды өсу кезеңінде (маусымның аяғы – шілденің басы) өркендерінен дайындалады. Мұндай қалемше буыннан, онда орналасқан жапырақтар мен қолтық бүршіктерінен және буын аралығынан тұрады. Оны ұзындығы 5 – 12 см етіп, бір, екі немесе одан да көп буындармен кеседі. Астыңғы жапырақсыз бөлігін өсімдік бүршігінен 0,5 – 1 см төмен жасайды. Сабақ қалемшелері жеміс-жидек дақылдарын, әсемдік өсімдіктер мен орман ағаштарын, бұталарын көбейтуге пайдаланылады. Тамыр қалемшесі жуанд. 6 – 10 мм болатын тамырлардан, ұзындығы 8 – 10 см мөлшерде кесіп алынады. Мұның жоғ. ұшын – тік, ал төм. ұшын – қиғаштап қияды. Тамыр қалемшесімен алма мен алмұрт ағашының кейбір түрлерін, кәдімгі және жапон бекесін, ырғайды, шиені, таңқурайды, жүзімді, т.б. көбейтеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.