From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті — салықтық және кедендік әкімшілендіру; этил спиртінің, алкоголь өнімінің және темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу; мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымы; ҚР кеден ісі, салық саясатын іске асыру саласындағы мемлекеттік реттеу; оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы жөніндегі мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (ҚР ҚМ МКК) | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Құрылған уақыты | 14 тамыз 2014 жыл |
Оның алдындағы мекеме | Салық комитеті Кедендік бақылау комитеті |
Жоғарыда тұрған мекеме | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
Штаб-пәтері | 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 үй |
Төрағасы | Дүйсембиев Жандос Жұмабайұлы |
Ресми сайты | |
kgd.gov.kz/kk |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті орталық аппаратының құрылымы келесіден тұрады:
Төраға
Төраға орынбасары
1) Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы
2) Заң басқармасы
3) Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
4) Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы
1 Кадр және ішкі әкімшілендіру департаменті
5) Персоналмен жұмыс басқармасы
6) Ұйымдастыру-бақылау басқармасы
7) Қаржылық қамтамасыз ету басқармасы
8) Басқарма – төраға хатшылығы
9) Техникалық инфрақұрылым басқармасы
2. Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті
10) Тәуекел-менеджмент басқармасы
11) Талдау және статистика басқармасы
12) Бизнес процестерін автоматтандыру басқармасы
13) Стратегиялық даму басқармасы
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаменті
14) Жалпыға бірдей декларациялау басқармасы
15) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасы
16) «Байланыс орталығы» басқармасы
17) Дербес шоттарды әкімшілендіру және төлемдерді есепке алу басқармасы
18) Акциздерді әкімшілендіру басқармасы
4. Ақпараттық технологиялар департаменті
19) Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасы
20) Ақпараттық жүйелерді дамыту басқармасы
21) Цифрландыруды үйлестіру басқармасы
5. Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру департаменті
22) Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы
23) Арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі басқармасы
24) Саудалық емес айналым басқармасы
25) Жеке тұлғалардың активтері мен берешегін әкімшілендіру басқармасы
26) Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасы
6. Әдіснама департаменті
27) Заңды тұлғалардың салық салу әдіснама басқармасы
28) Жеке тұлғалардың салық салу әдіснама басқармасы
29) Кедендік әдіснама басқармасы
30) Тауарларды жіктеу және шығарылған жері басқармасы
31) Кедендік операциялар басқармасы
32) Алдын ала тексеру актілерін қарау басқармасы
7. Әкімшілендіру департаменті
33) ҚҚС әкімшілендіру басқармасы
34) Қашықтықтан мониторингтеу басқармасы
35) Өтпелі мониторинг басқармасы
8. Аудит департаменті
36) Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы
37) Салықтық аудит басқармасы
38) Экспорттық бақылау басқармасы
9. Бақылау департаменті
39) Транзит басқармасы
40) Кедендік рәсімдерді әкімшілендіру және тазарту басқармасы
41) Тарифтік реттеу және құн басқармасы
10. Ірі салық төлеушілер департаменті
42) Ірі салық төлеушілер басқармасы
43) Резидент еместерге салық салу басқармасы
44) Деңгейлес мониторингтеу басқармасы
45) Энергия ресурстарын әкімшілендіру басқармасы
46) Мамандандырылған басқарма
47) «Ахуалдық орталығы» басқармасы
48) Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы
Мемлекеттік кірістер комитетінің штатында 600-ге жуық қызметкер болса, оның 130-ы басқарушы лауазым болып табылады. Осылайша, әрбір бесінші қызметкер басшы болып табылады.
№ | А.Ә.Т. | Тағайындалған уақыты |
Кеткен уақыты |
---|---|---|---|
1 | Дәулет Еділұлы Ерғожин | шілде 2014 | қараша 2016 |
2 | Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев | желтоқсан 2016 | қазан 2018 |
3 | Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев | қазан 2018 | мамыр 2021 |
4 | Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев | мамыр 2021 | тамыз 2022 |
5 | Жаналинов Данияр Еренғалиұлы | тамыз 2022 | қыркүйек 2023 |
6 | Жандос Жұмабайұлы Дүйсембиев | қыркүйек 2023 | — |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.