Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (www.mtc.gov.kz) көлiк, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсетулерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларында, сондай-ақ заңнамамен қарастырылған шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.[1]
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi туралы ереже;
- алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен;
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.
- Алынып тасталды - 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
- Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темiр жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
- Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын.
- Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
- Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 N 1819 қаулысымен.
- Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
- Қосымшаға сәйкес Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.[3]
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті;
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті;
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті;
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитеті;
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті;
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті.
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
[4]
Егер Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.