From Wikipedia, the free encyclopedia
Ғылым тарихы — ғылыми білімнің тарихи дамуын зерттеу болып табылады.
Ғылымның дамуы адамзат ақыл–өрісініӊ, жалпы интеллектуалды дамуының қалыптасуыныӊ бір ажырамас бөлігі болды. Сол себепті ғылымның дамуы келесі процесстермен тікелей байланысты:
Ғылымның тарихи уақыты туралы мəселе бірнеше шешімнің иесі болады. Олардың барлығы үстемді жəне күшсіз болуы мүмкін, себебі, əр ұсынылған нұсқада тарихи уақыттың əсерімен ғылым өзгеше сипатталады.
Кейбір ғалымдар антикалық ғылым феноменіне назар аударады, яғни, сол кезде теориялық ғылымның негіздері қалыптасты деген пікір /мысалы, Евклид геометриясы/. Алғашқы натурфилософтар /Стагириттің анықтамасы бойынша «фисиологтар» /көбінесе философтар емес, ғалымдар болған. Бəрімізге мəлім, антика əлемі математиканы қолданып, теориялық деңгейіне дейін əкелді. Антикада ақиқатты тануға, яғни, логика мен диалектикаға назар аударған.
Басқа еӊбектерде антикалық ғылымның ежелгі түрі – мысыр өркениеті туралы айтылады. Б.д.д. 4 мың жылдықта Ежелгі Мысыр өркениетінде математика, медицина, география, химия, астрономия салаларын терең біліммен меңгерген. Ежелгі Мысырдан шыққан құпия, мистикалық ілімдер ақырында Үнді, Парсы, Халдей, Қытай мен Жапон, Ежелгі Грекия мен Римнің білім үрдісіне əсер еткені айқын. Айтылған барлық салалар бойынша Мысыр — ең ежелгі антикалық ғылым түрінің иесі.
Тағы бір нұсқа — ғылымның соңғы орта ғасыр мəдениетінде пайда болуы туралы. Кейбір мəліметтерде ғылымның шығуын Батыс Еуропада /12-14 ғғ./ соңғы орта ғасыр мəдениетінің өркендеуінде деп санаған. Ағылшын епископы Роберт Гроссетест /1175-1253 жж./ пен ағылшын францискан монахы Роджер Бэконның /1214-1292 жж./ қызметінде тəжірибелік білімнің ролі басқаша қарастырылған.
Ғылымның пайда болу туралы ең дəстүрлі нұсқасы — ғылымының бастамасы Жаңа заманда болған, жалпы еуропалық тұрғыда /16-17 ғғ. басы/, Коперниктің талпарысы, Галилей мен Ньютонға негізделген классикалық механиканың заңдары, дүниенің ғылыми бейнесі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.