Нобай, эскиз (фр. esquіsse – алғашқы долбар сурет) – көркем сурет туындыларының, құрылыстардың, механизмдердің тұтас немесе жеке бөліктерінің алдын-ала жасалған жоба суреті; қолмен, масштабы көз мөлшерімен есептеленіп жасалынатын сызба.[1]
Нобай салынатын нысанның жалпы тұрпаты мен негізгі белгілерін қамтиды. Нобай еркін әрі жылдам салынады. Ежелгі суретшілер, сәулетшілер әр алуан қимыл-қозғалыстағы денелердің қайталанбас сәтін дәл бейнелеп, долбар суреттерді, сызбаларды көптеп салған (Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти). Кескіндеме мен мүсін өнерінде де Нобай қолданылады. Нобай суреттер қас-қағым сәтте қайталанбас көріністі беруде таптырмас тәсіл. Осындай суреттерді Ш.Уәлиханов көп салған (“Ұйғырдың бейнесі” 1856, “Қоғадай мен Тоғалдай” 1856, “Мырзалар” 1863, т.б.). М.Кенбаев, Қ.Телжанов, т.б. Қазақстан суретшілерінің Нобай суреттері бар.[2][3]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.