Эрг
From Wikipedia, the free encyclopedia
Эрг — – Солтүстік Африка шөліндегі құмды өңірдің жалпы атауы. Негізінен ойпаңды жерлерде қалыптасады. Құмы негізінен аллювийлі жолмен пайда болған. Құм қырқалардың биікт. әдетте 200 – 300 м, пассат желдердің бағытына қарай созыла орналасқан; құм бұталар мен астық тұқымдас өсімдіктермен бекіген. Тасты және сазды шөлдерге қарағанда Эрг ылғалдырақ; бұлақтар мен құ-дықтар кездесетін жерлерде шағын шұраттар шоғырланған. Сахарада Батыс Эрг (80 мың км²), Шығыс Эрг (ауд. 100 мың км²-ден) аталатын ірі массивтер бар. Жер бедері құмды-жалды келеді. Эргтер Арабияда нефуд, Орт. Азия мен Қазақстанда құм, Қытайда шамо деп аталады. С. Масатбаева[1]
![Thumb](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e4/Sahara._Libya.jpg/640px-Sahara._Libya.jpg)
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.