Электрстатика — физиканың инерциялық санақ жүйесімен салыстырғанда қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әсерін және олардың тепе-теңдік шартын қарастыратын саласы.
Тыныштықта тұрған электр зарядтарының өрісін электрстатикалық өріс деп, ал сол зарядтардың өзара әсер күшін электрстатикалық күш деп атайды. Электрстатиканың негізіне Кулон заңы алынады. Электрстатикалық күш потенциалдық күшке жатады. Сондықтан электрстатикалық өрістің күштік сипаттамасы – кернеулікпен (Е) қатар, сол өрістің энергетикалық сипаттамасы – потенциал да пайдаланылады. Электрстатикалық заңдары электр аппараттарында, электронды оптикалық приборларда, зарядты бөлшек үдеткіштерінде, т.б. приборлар мен құрылғыларда кеңінен қолданылады.
Электростатиканы қолдану
Электростатика күнделікті өмірде бізге көбірек таныс,көруге және сезуге мүмкіндік беретін зарядтардың әсер ету құбылысы. Олардың кейбір мысалдары:
- Көшіру машиналары және лазерлік принтерлер.
- Дефибриллятор, зарядталған электродтар арқылы берілетін жоғарғы кернеудің көмегімен жүрек соғысын қалыпқа келтіру үшін қолданылады.
- Отын жанған кезде пайда болатын түтіннің бөлшектерін сүзіп алып жою үшін,шаңды ұстап қалу үшін электрофильтрлерді пайдаланады.
- Автомобильдерді электростатикалық күшті пайдалану арқылы бояуға болады. Оң зарядталған бояуды шашырататын заттар бояудың молекулаларын бір-бірінен тебілуге мәжбүрлейді, сол себепті бояу бірқалыпты жайылады. Автомобильдердің корпусы теріс зарядқа ие болғандықтан бояу оған тартылады.
- Пештерге арналған электростатикалық фильтрлерде ауаның құрамын шаңның бөлшектерінен тазарту үшін электростатикалық күш пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.