Эвакуация (лат. evacuatіon – босату, evacu – босатамын):
- 1) әскерлердің маневрлілігі мен тез жылжуын қамтамасыз ету мақсатында соғыс қимылы жүріп жатқан жерден тұтқындарды, халықты, бұзылған және артық мүлікті, олжаларды, әр түрлі бағалы заттарды тылға көшіру;
- 2) соғыс немесе саяси себептерге яки келісімдер мен шарттарға байланысты әскерлерді алдын ала орналасқан аудандарынан шығару;
- 3) дұшпан шабуылының қауіп төнгізіп тұрған немесе табиғат апатына (су тасу, таудан тас, қар құлау) ұшыраған жерлерден тұрғын халықты, кәсіпорындарды, мекемелерді, мәдени және құнды заттарды, жергілікті мүлікті алып шығу;
- 4) медициналық Эвакуация, яғни жаралыларды, ауруларды соғыс қимылы жүріп жатқан ұрыс даласынан тылдағы емдеу мекемелеріне ұйымдасқан түрде тасымалдау, көшіру;
- 5) су электр станциялары мен ірі су қоймалары салынғанда сол аумақтағы елді көшіру.[1][2]
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова
Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік.
Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0