Шымкент хайуанаттар бағы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шымкент хайуанаттар бағы — Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. 1980 жылы Шымкент қаласында ашылды. Жер көлемі 54 га, оның 34 га аумағында экспозиция орналасқан, жануарлардың саны – 1600 бас(01.01.2013). Зообақта 6 секция жұмыс істейді, онда жануарлардың 185 түрі ұсталады(2012), олардың 20 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қажетті жем-шөптің 25%-ын хайуанаттар бағы өзінің 30 га жерінен қамтамасыз етеді.
Хайуанаттар бағы күн сайын таңғы 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.[1]
Хайуанаттар бағының коллекциясы
- Балықтар — 886
- Бауырымен жорғалаушылар — 46
- Қосмекенділер — 12
- Құстар — 312
- Сүтқоректілер – 300
- Омыртқасыздар – 44
Дереккөздер
Тағы қараңыз
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.