Шоқан Әлмахамбетұлы Төлеш (1.08.1954, Алматы қаласында туған) - мүсінші. Қазақ.
Quick Facts Туған күні, Туған жері ...
Шоқан Әлмахамбетұлы Төлеш |
Туған күні |
1 тамыз 1954 (1954-08-01) (70 жас)
|
---|
Туған жері |
Алматы
|
---|
|
Close
Металлды өңдеу техникасымен жұмыс істейді - жылтырату, патина, құю. Материалы - қола, алюминий, күміс, жез,ағаш, әртүрлі тастар. «Қиялдаушы»(1997), «Томирис» (2000), «Қамыс сабағы» (2000), «Ойшыл» (2002) және т.б. жұмыстарының авторы.
- 1970 жылдан - Алматы тәжірибелік керамика зауытының суретші-қыш бұйымдарын жасаушы.
- 1974 жылдан - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің студенті.
- 1978-1980 жылдары - Алматының «Өнер» бейнелеу өнері комбинатының мүсіншісі.
- 1979 жылдан -Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің мүсін және композиция пәндерінің оқытушысы.
- 1988 жылдан - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мүсін пәнінің оқытушысы.
- 1994 жылдан -«BNB» сәулет-құрылыс компаниясының мүсінші-дизайнері (Стамбул,Анкара қалалары).
- 1997 жылданбері-жеке кәсіпкер, шығармашылықжүмыста.
- 1978 жылдан республикалық және халықаралық көрмелерінің қатысушысы.
- Швейцарияда (Базель қаласы, Сюрзей қаласы, Ратхаус, 1992), Лихтенштейн Княздығында (Вадутц қаласы, 1992), «Тенгри-Умай» галереясында (1993), Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының 60 жылдығына арналған көрмесі (1995), Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында (2002), «Алматы art» галереясы мен Астана қаладағы Президенттік мәдениет орталығында «Самғау» (2003), Алматы қаладығы орталық көрме орталығында «Полет» мерейтойлық көрмелері (2006) жеке көрмелерін өткізген. «Ұлар» галереясындағы «3+2» көрмесі (1994), «Көпір» тұрақты жұмыстар көрмесінің (1996-1998), Лондон қаласы әзірбайжан және қазақ суретшілерінің ассоциациясындағы көрмесі (1999), қазақ суретшілерінің «Филипп Морис» компаниясындағы көрмесі (2000), ҚР Суретшілер одағының 60 жылдығына арналған көрмесі (2001), Мысырдағы халықаралық көрмесі (Каир қаласы, 2001), Ресейдегі халықаралық көрмесі (Мәскеу, 2002) көрмелерінің қатысушысы. Жұмыстары Қазақстанның (Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, «Тәңірі-Ұмай» галереясы) АҚШ, Франция, Бельгия, Италия, Швейцария, Лихтенштейн Княжествосы, Ұлыбритания, Австрия және т.б. елдердің мемлекеттік мұражайларында және жеке коллекцияларында сақталуда.
- Мысырдағы әлемдік суретшілер биенналесінің (Каир қаласы,2001), ұсақ пішіндер көрмесінің (Апматы қаласы) дипломанты. Алматы қаласы әкімінің алғыс хатын алған.
ҚР өнер Академиясының академигі (2006 жылдан). ҚазКСР Суретшілер одағының мүшесі (1986 жылдан), ҚР Суретшілер одағы басқармасының мүшесі.
- Әкесі - Әлмахамбет Төлешұлы Төлешев, зейнеткер, ҰОС қатысушы, КСРО Еңбек сіңірген дәрігері, КСРО Денсаулық сақтау үздігі.
- Анасы - Төлешева Зияш Қасымқызы, зейнеткер, бухгалтер болған.
- Үйленген. Жұбайы - Еспергенова Таужан Сағынышқызы (1958 жылы туған), «Жетісу» газетінің суретші-графигі.
- Ұлы - Төлешев Қуаныш Шоқанұлы (1978 жылы туған), фирма директоры;
- қызы - Төлешева Ботагөз Шоқанқызы (1980 жылы туған), Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы.[1]