From Wikipedia, the free encyclopedia
Шоған — қазақтың Ұлы жүзіндегі Албан тайпасының құрамындағы рулар тобы. Шежіре деректеріне қарағанда, Шоған деп Шоған абыздан тарайтын ұрпақтарты атайды. Шоғаннан Тұғыжым, Дәуім, Алжан, Шажа рулары өрбітіледі. Бірқатар шежірелер мен Қазақ совет энциклопедиясында (12-т) Алжанды Мәмбет, Шажаны Үмбет деп те атайды.
Х.Арғынбаев еңбегінде Шоғаннан Тұғыжым (айтбай, сиқымбай) мен Дәулет (Аманқұл, Жәдік) ұрпақтары таратылады. Шоғаннан тараған ұрпақтар қазіргі Райымбек, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары жерінде, біраз бөлігі Қытайдың Шыңжан өлкесіндегі Текес, Іле өзендері өңірін, Өзбекстанның Бостандық аудандарын, Ташкент шаһарларын мекендеген.
Ұраны — Райымбек. Таңбасы — сызықты дөңгелек.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.