Шолпан (журнал)

From Wikipedia, the free encyclopedia

“ШОЛПАН”Түркістан АКСР-і ОАК-нің білім, әдебиет, шаруашылық, саяси журналы. Тұңғыш саны 1922 жылы қазанда жарыққа шықты. Оның “Оқу бөлімі”, “Түркістандағы халық ағарту ісі” деген бөлімдерінде оқу-ағарту, бала тәрбиесі мәселелері, алғашқы кеңестік еңбек мектебінің мазмұны, оқу бағдарламасы, сабақ жүргізу әдістемесі, орыс мектептерінің оқыту тәжірибелері таныстырылып, бұл жөніндегі маңызды пікір-ұсыныстар жарияланды. Журналда көптеген ғылыми маңызды мақалалар жарық көрді. Бірақ оның жеке мақалаларында буржуазиялық-ұлтшылдық қате тұжырымдарға жол берілген деп есептеліп, осыған байланысты журнал 8 саны шыққаннан кейін 1923 жылдың мамыр айында жабылды. [1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.