From Wikipedia, the free encyclopedia
Шолохов атындағы көше (Алматы) - көшеге орыстың ұлы жазушысы, академик, Нобель сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері Михаил Александрович Шолоховтың есімі (1991 жылы) берілген.
Шолохов Михаил Александрович (1905 -1984) Ростов облысында (Кружилин хуторы, Вешенск станицасы) дүниеге келген. Ол - «Тихий Дон», «Поднятая целина», «Они сражались за родину», «Судьба человека» шығармаларының авторы.
Көше Түрксіб ауданында орналасқан. Сүйінбай даңғылынан басталып, Ержанов көшесіне дейін созылып жатыр. Көшені оңтүстік жағында Алматы-2 темір жол тармағы салынған. Чехов, Толстой, Ақындар, Ақан сері атындағы көшелермен қиылысып жатыр. Бұрынғы атауы - Центральная көшесі. Көшенің ұзындығы - 1850 метр.
Көше бойында Алматы темір жол бөлімшесінің көптеген кәсіпорындары мен мекемелері орналасқан. «Айсұлу», «Тұлпар» дүкендері, «Береке, мейрамханасы, «Север» және «Жаңалық» фирмаларының бөлімдері бар. С.Сейфуллин атындағы саябақ, балалар саябағы, т.б. жанасып жатыр.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.