Шахта
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шахта (нем. Schacht, Schaft — дің, оқпан) — жер астынан пайдалы кен қазу жұмыстарын жүзеге асыратын тау-кен кәсіпорны. Ол жер астындағы кен қазбасынан және жер үстіндегі құрылыстардан (копер, Шахта үсті үйі, қойма, әкімшілік-тұрмыс ғимараты, т.б.) құралады. Қазып алынатын кеннің мөлшеріне қарай орташа Шахтаның жылдық өнімділігі 2 — 3 млн. тоннға, ал ірі Шахталардың жылдық өнімділігі 8 — 10 млн тоннға дейін жетеді. Шахтада бірнеше мыңға дейін жұмысшылар мен инженерлер жұмыс істейді. Сирек металдар мен алтын өндірісіндегі Шахталардың қуаты шағын (жылдық өнімділігі 150 — 200 мың т) болады. Шахтаның тереңдігі кеннің орналасу қалпына (жатысына) және оның құндылығына байланысты. Қазіргі Шахталардың орташа тереңділігі 1000 метрдей, ең терең Шахта Африка мен Үндістанда (3,5 — 3,8 км). Шахта неғұрлым тереңдеген сайын жер асты жұмыстары қиындай түседі. Әрбір 25 — 30 м тереңдікте ауаның температурасы 1С-қа өседі де, қазбаны таза ауамен қамтамасыз ету қиындайтындықтан арнайы қондырғы қолданылады . Сонымен қатар кендегі тау жыныстарының ішкі қысымының өзгеруінен қауіп тудыратын әртүрлі құбылыстар (кен дүмпуі, кен қопарылуы, т.б.) пайда болады. Шахта ішінде кен қазу, тас көмір қабатын бұзу, кенді тиеу, тасу және жұмыс қауіпсіздігін сақтау үшін тіреулер орнату, т.б. жұмыстарды машина атқарады . Ірі Шахтадың арнаулы темір жолы, құрал-жабдық жасайтын шеберханалары, т.б. болады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.