Шариға, Шариғат («тура, дұрыс жол»; беделді билік арқылы орындалуы міндеттелген заң, нұсқау) — шариғат, мұсылмандардың иманын айқындап, адамгершілік мұраттары мен діни ожданын қалыптастыратын, сондай-ақ олардың мінез-құлкын реттеуші нақтылы өлшемдер бастауы болып табылатын, бәрінен бұрын Құран мен сүннеттер арқылы пысықталған нұсқаулар жиынтығы.

Шариғат ұғымының пайда болуы

Исламдық дәстүр шариғат ұғымын, ең алдымен, оның Құранда (негізінен, Меккеде түскен сүрелерде) дінге сенушілерді адамгершілік кемелдікке, пәнилік рахатқа жеткізіп, жұмаққа алып баратын, Аллаһ сызып берген төте жолды бейнелеу үшін қолданылуымен байланыстырады. Бұл ұғымның жалпылама мағынасы, сондай-ақ оның Шариғат түбірінен шығуына да байланысты, осы түбір Құранда бір нәрсені міндетті түрде орындауды заңдастыру, нұсқау мағынасында кездеседі. Ислам идеологиясында шариға термині мен оның синонимдері - аш-ширға және ат-ташриғ - Ислами немесе Исламдық (мұсылмандық, Исламдық) деген анықтауыштармен тіркесе отырып жалпы тілдік мағынада әрбір мұсылман басшылыққа алуға тиісті кұқықтарға, сондай-ақ оның мінез-кұлқы мен ниетінің тазалығын бағалау үшін Аллаһ белгілеген өлшемдерге қатысты қолданылады. Сондықтан шариға ұғымы, көбінесе, бұқаралық түсінікте тұтас алғандағы Исламдық өмір салты, құрамына әртүрлі - діни, адамгершілік, заңдылық, тұрмыстық өлшемдерді, сондай-ақ әдет-ғұрыптарды біріктіретін жалпыға ортақ Исламдық мінез-құлыктар ережелерінің жиынтығы түрінде қабылданады. Шариғаны мұндай кең мағынада «діни заң» деп те атайды, бұл жерде шариға термині заң тіліндегі мағынада емес, жалпы әлеуметтік мағынада қолданылып тұр. ТМД-дағы Ислам дінін ұстайтын аймақтарда «шариға заңдары» деген тіркестің де мағынасы дәл осындай.

Шариғатта белгіленген нұсқаулар

Шариғаттың қандай нақтылы нұсқауларды қамтитынын және оның бастауларын табу - терминдік мағынасы тұрғысынан бұл ұғымның ауқымын анықтауға қажетті ең маңызды мәселе. Бұл орайла, мұсылман идеологиясында шариғат ұғымының Аллаһ белгілеп, Мұхаммед Пайғамбар (с.а.у.) арқылы адамдарға таратқан, сондықтан орындалуға міндетті өлшемдер мен нұсқаулардың жиынтығы ретіндегі жалпылама терминдік анықтамасы орнықты. Осыдан келіп Құдай өсиеттері жинақталған Құран мен Пайғамбар сунналары шариғаттың бастаулары болып табылады деген қорытынды шығады (Аллаһтың еркін емес, Мұхаммедтің (с.а.у.) жеке пікірлерін жеткізетін анықтамасы Исламдық ой-пікірдің әртүрлі бағыттарын жасаушылар арасында түрліше түсіндіріледі, олар бұл анықтамаға әркелкі, кейде қарама-қарсы мағына жүктейді. Шариға ұғымы аясында Құран мен сунналардағы тек мағынасы анық және нақтылы мінез-құлық ережелерін айқын нұсқайтын (кат ийат ад-далала) қағидаларды ғана қабылдайды.

Бұдан мүлде өзгеше көзқарас та бар, ол бойынша шариғат ұғымы тек жоғарыда айтылған қағидаларды ғана емес, сонымен бірге Құран мен суннаның әртүрлі ұғынылатын нұсқауларын түсіндіру жолымен заңгерлер қалыптастырған немесе осы түпнұсқалардың өзінде қолдануға рұқсат етілген тиімді амалдар - ыждаһат (араб. әл-иджтиһад) көмегімен олар есептеп шығарған өлшемдерді де қамтиды. Шариғатты осылай түсіну Құран мен суннадан кез келген сұраққа тура немесе жанама жауап табуға болады, оларды өмірдің барлық жағдайындағы мінез-құлық ережелері жинақталған деген тұжырымдамадан келіп шыққан. Бұл орайла, кейбір әл-фикһ пен Исламдық ой-пікір бағытын жақтаушылардың (мыс, шииттердің) пікірі бойынша, шариғат тек мұсылмандардың сыртқы мінез-құлқын реттейтін ережелер туралы ұғым, ішкі мүдделілік пен діни ождан мәселелері оған қатысты емес. Алайда Ислам идеологтары арасында Құран мен сунна қағидаларында қамтылған шариғада өмірдің барлық жағдайларында өзіңді қалай ұстаудың нақтылы мінез-құлық ережелері мен дәлме-дәл нұсқалары жоқ деген көзқарас көп орын алып келді. Бұл көзқарас бойынша, Құран мен сұннада қарастырылған мінез-құлық өлшемдері мәңгілік және олар мұсылмандардың өзгермейтін, тұрақты мүдделері мен сұраныстарын бейнелейтін болғандықтан кез келген жағдайда сәйкес келеді. Құран мен сұннада дінге сенушілердің діни міндеттерді орындау, яғни ғибадат ету (әл-ибадат) тәртібін реттейтін ғұрыптық өлшемдер бар. Алайда оларда мұсылмандардың өзара қарым-қатынасын айқындайтын (әл-муамалат) нақтылы және анық ережелер сирек. Мұның өзі былайша түсіндіріледі:

Болашақта кездесетін нақтылы өмірлік жағдайларды есепке алу мүмкін емес. Осыған орай олар Құран мен суннада егжей-тегжейлі қарастырылмайды. Сондықтан белгілі бір мәселелер төңірегінде шариғатта, негізінен, көп мәнді нұсқаулар (занний-ат ад-далала), сондай-ақ жалпы бағдарлар мен принциптер (әл-қауағид әл-амма немесе әл-куллийа) беріледі. Бұларды тарқата түсініп, оймен ұғыну әрбір нақтылы жағдайға лайық шешім табуға көмектеседі.

Осы өзгермейтін нұсқаулар мен қағидаларды пайдалана отырып, заңгерлер ыждаһаттау (әл-иджтиһад) көмегімен белгілі бір сәттегі мүсылмандардың сұранымына сай келетін және шариғаттың ортақ мақсаттары шеңберінен шықпайтын нақтылы мінез-құлық ережелерін бөліп шығара алады, сондай-ақ олар қажетті жағдайларда бұл ережелерді икемден, жаңа ережелермен ауыстыруы да мүмкін. Мұндай көзқарас бойынша шариғаттың құрамына Құран мен суннадағы мағынасы анық, нақтылы ережелер де, сонымен бірге көп мәнді, тек жалпылама бағдарлар қалыптастыратын ережелерде енеді. Алайда шариғаттың мазмұны әл-ибадат пен әл-муамалаткә қатысты қолданбалы мінез-құлық ережелерімен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, оның құрамына Құран мен суннадағы діни қағидалар (әл-акаид) мен этикаға (әл-ахлак) қатысты нұсқаулар да енеді. Сондықтан бұл көзқарасы жасаушылар:

«Шариғат тек мұсылмандардың сыртқы мінез-құлқын ғана емес, сонымен бірге олардың діни сенімін реттеп, іс-әрекеттің ішкі себептерін де есепке алады, осылайша дінге сенушіні адамгершілік тұрғыдан кемелдендіруге бағытталған»

деп атап көрсетеді. Шариғаны бағалауға байланысты пікірлердің осындай бір түрлілігі бұл ұғымның әл-фикһке (құқық пен заң ісін жүргізуге) қатысы туралы мұсылман ойшылдарының көзқарастары сипатын да алдын ала айқындады. Жалпы алғанда Ислам дәстүрінде бұл мәселе бойынша біртұтас көзқарас жоқ, оның үстіне бұл мәселенің шешімін табуға қатысты әртүрлі көзқарастар белгілі бір дәрежеде осы ұғымдардың тарихи қалыптасу жолын бейнелейді. Мысалы, Исламның қалыптасуы мен дамуының бастапқы кезеңінде әл-фикһ ұғымы кейде жаңа дін ережелерінің барлық жиынтығын меңгеру, дінге сенушілердің мінез-құлқы мен иманын ретке келтіретін Құран мен сүнна қағидаларын білу дегенді білдіретін. Бұл орайла мұсылмандар өмірінің Аллаһ салған дұрыс жолы мағынасындағы шариға әл-фикһтің пәні ретінде карастырылды. Шариға мен әл-фикһті бір-біріне сай келетін ұғымдар ретінде бағалау Исламда бұдан кейін де сақталды, бірақ олардың мазмұны бірте-бірте басқаша түсіндіріле бастады. Бұлайша түсіндіру Құран мен суннада тікелей көрсетілген өлшемдер жиынтығы немесе факихтар ыждахаттау арқылы бөліп шығарған барлық сыртқы мінез-құлықты реттейтін өлшемдер жиынтығы түріндегі шариғаға қатысты жоғарыда айтылған көзқарастан келіп шықты. Сондықтан әл-фикһ - заң ісін жүргізу құқықтары ғылым ретінде шариғаны білу тұрғысынан қарастырылса, ал әл-фикһ - құқық құрамына шариғаның барлық өлшемдері енді. Осындай мағыналық бөлініс жағдайында екі термин де синонимдес сөздер ретінде жиі қолданылады. Мұсылмандық теориялық ой-пікірде бұған қарама-қарсы, захиришылар көзқарасын барып тірелетін пікірлер де бар. Бұл пікірлер бойынша, шариға Құран мен суннадағы мағынасы анық және қосымша түсіндіруді қажет етпейтін ережелермен шектеледі, ал әл-фикһ - аталған түпнұсқаларда нақтылы сұрақтарға дайын жауаптар болмаған жағдайда шешімді қалыптастырып шығару дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, мен әл-фикһ бір-біріне карама-қарсы қойылған: әл-фикһ аясы шариға аясы біткен тұстан басталады. Шариға мен әл-фикһты бір-біріне сай келетін немесе қарама-қарсы ұғымдар ретінде қарастыратын түсініктермен бірге мұсылмандық идеологияда басқа да көзқарас бар. Мұндай көзқарас, ең алдымен әл-фикһ заң ісін жүргізу құқығы бағыты мен сул әл-фикһ - әл-фикһтың жалпы теориясы бағытының өкілдеріне тән. Бұлардың пікірлері бойынша, шариғаның құрамына Құран мен суннадағы діни қағидаларға (әл-акаид) және этикаға (әл-ахлак) қатысты ережелер, сондай-ақ ғибадат ету тәртібі (әл-ибадат) мен адамдардың өзара қарым-катынасын (әл-муамалат) реттейтін «қолданбалы» өлшемдер енеді. Оның үстіне, бұл көзқарасы жасаушылар қолданбалы» өлшемдер қатарына тек Құран мен суннадағы нақтылы нұсқауларды (катийат ад-далала) ғана емес, сонымен бірге аталған түпнұсқалардағы көп мағыналы ережелерді түсіндіру арқылы (заннийат ад-далала) немесе басқа да тиімді қағидалар көмегімен (әл-иджихад) факихтер қалыптастырған өлшемдерді де жатқызады. Осы өлшемдер әл-фикһ-құқықты құрайды. Осылайша әл-фикһ-құқық шариғаның құрамына оның құрамдас бөлігі ретінде толығымен енеді. Басқаша айтқанда, шариға мен әл-фикһ-құқық Құран мен суннаның тек даусыз және айқын (катийат ад-да-лала) ережелері тұсында ғана бір-біріне сәйкес келеді. Бұл түпнұсқалардың әртүрлі түсінуге болатын ережелеріне (заннийат ад-далала) келсек, олар әртүрлі мазһабтар, тіпті жеке-жеке мүджтахидтер әлгі жалпы ережелерді өзінше түсіндіре отырып, әр түрлі шешімдерге келуі, үйлеспейтін мінез-кұлық ережелерін қажет жағдайда басқалармен ауыстыру арқылы қайта қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан шариға ережелері мәңгілік және үзілді-кесілді орындалуға міндетті болса, ал әл-фикһ - құқықтың көптеген өлшемдері өзгергіш және мүджтахидтің еркіндігін шектемейді. Мұнан шығатын қорытынды: әл-фикһ - құқықтық кейбір өлшемдері мен әл-фикһ - заң ісін жүргізу құқығының тұжырымдарына тән қарама-қайшылықтар, кемшіліктер мен қателіктер шариғада болмайды. Аталған екі ұғымда осылайша жүйелеудің нәтижесінде төмендегідей тұжырым пайда болды: әл-фикһ - құқық құрамына енетін өлшемдердің мөлшері бойынша шариғадан әлдеқайда ауқымды. Алайда тек «қолданбалы» өлшемдерден ғана емес, ең алдымен діни қағидалар мен этикадан көрініс беретін Құдай сөзі тұрғысынан қарағанда шариға ұғымы әл-фикһ - құқық ұғымынан гөрі кеңірек. Шариға мен әл-фикһ ұғымдарының ара қатынасы жөніндегі бұл көзқарастың өмірге жақындығына байланысты қазіргі мұсылман заңгерлері де бірқатар мұсылман елдері конституңияларының баптарын өздерінше түсіндіру барысында осы көзқарасы сүйенеді. Бұл конституцияларда шариға мен оның принциптері заң жүйесінің негізгі бастауы ретінде бекітілген. Қазіргі заманғы әл-фикһ - заң ісін жүргізу құқығында: шариға Құран мен суннадағы мағынасы айқын және барлық мазһабтар бірдей түсінетін ережелерді, сондай-ақ ондағы көп мәнді және жалпылама нұсқауларда айтылған жалпы принциптерді қамтиды деген көзқарас басым.

Сонымен бірге қазіргі заманғы мұсылман заңгерлерінің дәстүрлі көзқарастан өзгешелігі - олар шариға құрамына, көбінесе, мүджтахидтер барлық әл-фикһ түпнұсқаларын зерттеу арқылы қалыптастырған ортақ ережелерді де (әл-кауағид әл-куллийа) енгізеді (мұндай өлшем-принциптердің 99-ы 1869 - 1877 жылдары қабылданған және Осман империясындағы азаматтық һәм заң ісін жүргізу кодекстерінің рөлін атқарған әл-фикһ өлшемдерінің жұмбақталған жинағы - Маджаллат әл-ахкам әл-адлийада бекітілген болатын). Олар ыждақаттау (әл-иджтихад) ісінің жемісі болса да мәңгілік және шариғаның өзге ережелерімен бірге өзгертуге болмайды деп есептелінеді. Мұндай көзқарас шариғаны түсіндірудің құқықтық ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған, заңдылық тұрғысынан тиімді үлгісі болып табылады. Сонымен бірге қазіргі заманғы Ислам идеологиясында бұдан өзгешелеу - шариғаны және оның әл-фикһпен арақатынасын жалпы-теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізуді көздейтін ағымдар да бар. Бұлардың тұжырымы бойынша, әл-фикһ - құқық шариғаның құрамдас бөлігі болып табылмайды, тіпті, кейде оған үйлеспеуі де мүмкін. Олардың арақатынасы түпнұсқа мен ол тудырған өлшемдер арасындағы байланыс түрінде көрінеді. Басқаша айтқанда, шариға әл-фикһтың негізі, түпнұсқасы, ал әл-фикһ - шариға ережелердің өлшемдік тұсіндірмесі.

Шын мәнінде, тарихи және әлеуметтік көзқарас тұрғысынан шариғаны Исламдық өмір салты туралы жалпылама ілім, негізінен, Құран мен суннада жазылған және дінге сенушілер міндетті түрде орындауға тиіс нұсқаулар жиынтығы түрінде түсінуге болады. Оларда, ең алдымен, мұсылманның ішкі дүниесін, иманы мен діни ожданын айқындайтын қағидалар мен этика мәселелері сөз болды. Ал адамның іс-әрекетіне, сыртқы мінез-құлқына келсек, оларды шариға өздігінен емес, белгілі бір өлшемдер шеңберінде нақтылау арқылы реттейді. Осы міндетті атқаратын әл-фикһ - заң ісін жүргізу құқығы шариғадан нақтылы мінез-құлық ережелерін бөліп шығарумен айналысатын пән іспетті. Адамдар арасындағы қарым-қатынастарды белгілі бір өлшемдерге сай тәртіпке келтіру тұрғысынан шариға әл-фикһ - құқықты айналып өте алмайды, ал шариғаның өлшемдік қағидалары туралы білім өмірде тек әл-фикһ-заң ісін жүргізу құқығы туралы әр түрлі бағыттар ілімінің нақтылы формалары түрінде кездеседі. Тек әл-фикһ арқылы ғана шариға ережелерін өмірде қолданылатын және мұсылмандар ұстанатын мінез-құлық ережелері аясына көшіруге болады. Басқаша айтқанда, Құран мен суннадағы ережелер шариғаның мазмұнын құрайды, ал шариға өз кезегінде жалпы идеялық түпнұсқа, әл-фикһтың (құқық пен заң ісін жүргізу құқығының) діни-этикалық негізі рөлін атқарады. Осындай түсінік кезінде шариға Исламмен тұтастай кірігіп, тек әл-фикһ - заң ісін жүргізу құқығының ғана емес, сонымен бірге басқа да діни пәндердің пәнін құрайды.[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.