From Wikipedia, the free encyclopedia
Чарльз Гловер Баркла (ағылш. Charles Glover Barkla; 7 маусым 1877 — 23 қазан 1944) — 1917 жылы физика бойынша Нобель сыйлығын алған ағылшын физигі.
Чарльз Гловер Баркла | |
Charles Glover Barkla | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Уиднс, Чешир, Англия, Ұлыбритания |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
[[ Эдинбург]], Ұлыбритания |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
Лондондағы Кинг колледжі |
Альма-матер |
Кембридж университеті Тринити-колледжі |
Ғылыми жетекші |
Оливер Джозеф Лодж |
Марапаттары |
|
Солтүстік Англияның Ланкашир округіндегі Уиднес қалашығында (қазіргі уақытта бұл қала Чешир округінің бөлігі болып табылады) химиялық компания қызметкерінің отбасында дүниеге келген.
1902 жылы Баркла рентген сәулелерімен жұмыс істеді. Ол химиялық элементтерге тән рентген сәулелерін және шашыраңқы рентген сәулелерінің флуоресценттік компонентін ашты. Ол сондай-ақ рентген сәулелерін электромагниттік сәулелену ретінде түсіну үшін үлкен маңызы бар рентген сәулелерінің поляризациясын ашты. 1917 жылы ол «элементтердің сипаттамалық рентгендік сәулеленуін ашқаны үшін» физика бойынша Нобель сыйлығын алды.
1979 жылы Халықаралық астрономиялық одақ Айдың көрінетін жағындағы кратерге Чарльз Гловер Баркланың есімін берді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.