From Wikipedia, the free encyclopedia
Чамба (цамба, джамба, самабу, сама, динга, леко)[1] — Нигерияның солтүстік-шығысындағы маңызды этникалық топ. Чамбалар қазіргі Нигерия мен Камерун арасында орналасқан. Туыстас топтар - мумуйе, фулани, джукун және кутеп.[2] Нигерияда 400 мыңдай, Камерунда 200 мыңдай, Чад Республикасында 200 мыңнан астам чамбалар тұрады.[3]
Чамба халқы чамба-леко немесе сунтай тілдерінде сөйлейді.[4]
Діні – ислам, кейбірі дәстүрлі нанымдарды (табиғат күштеріне табыну және ата-бабалар культі) ұстанады.[5]
Негізгі дәстүрлі кәсібі – мал шаруашылығы. Қолөнерден - қыш және қоржын тоқу дамыған.[6]
Әлеуметтік ұйымның негізін үлкен отбасылық қауымдастықтар мен патрилаиериалды экзогамиялық топтар құрайды. Неке қию вирилокальды, әмеңгерлік, сорораттық болып табылады және сатып алынған неке қолданылады.
Тұрғын үйлері дөңгелек пішінді, қабырғалары саманнан жасалған, шатыры конус тәрізді. Қабырғалары көбінесе сызбалармен және оюлармен безендірілген.
Дәстүрлі киімдері - ерлерде жамбасты жауып тұратын белдік белдік, әйелдер үшін талшықтан немесе моншақтан жасалған алжапқыш.
Негізгі тағамдары – сүт және сүт өнімдері.
Негізгі фольклорлық жанрлар – әндер, мақал-мәтелдер, ертегілер.[7]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.