From Wikipedia, the free encyclopedia
Цай Лунь Шығыс Хань династиясы уақытында дүниеге келген (б.з.д. 25-220 ж.ж.). 15 жасында император сарайына евнух ретінде (гаремде қызмет етуші) жіберілген. Еңбекқорлығы мен тапқырлығы үшін ол жоғарылатуларға ие болған. Қырық жыл ішінде ол бес императорға, оның ішінде Мин императорына қызмет еткен. Цай Луньға маркиз атағы берілген. Цай Лунь король отбасына арналған құралдар мен қару жасауға жауапты болған, сондықтан оның жасалу технологиясымен айналысқан. Кейін ол жетекші маман болды. Оның басшылығымен жасалған семсерлер мен қарулар ерекше жоғары сапалы болған. Шығыс Хань династиясында кітаптар, негізінде, бамбук пен жібек матадан жасалған. Бірақ жібек өте қымбат материал, ал бамбук өте ауыр, сондықтан ғалымдарға ондай материалдармен жұмыс жасау ыңғайсыз болды. Дегенмен ол уақытта қағазды қарасора талшығынан жасай бастаған, бірақ ондай қағаз өте сирек кездесетін болған. Цай Лунь қағаз өндіру үшін өзінің көмекшілері ұсақтап, суда ұзақ уақыт ұсталған талдың қабығын, қарақурайдың талшығын, шүберектер мен балық аулау жабдықтарын шикізат ретінде пайдаланған. Одан кейін қоспаны қыздырып, жіңішке қабатпен тілімшеге (пластинаға) жаққан. Сосын оны күн көзінде кептіріп, ол парақтарды жазу үшін қағаз ретінде пайдаланған. Б.з.д. 105 жылы Цай Лунь өзінің қағаз өндіру процесін императорға ұсынған. Император оның өндіру нәтижесіне риза болып, барлық Қытайға қағаз шығару процесін кеңінен таратуға жарлық шығарған. Сөйтіп, Қытай өркениетінде әсіресе әдебиет, білім және іс қағаздарын жүргізу салалары тез дамыды. VIII ғасырда Қытай Азия елдеріне қағаз экспортын шығарды, бірақ оның жасалу техникасы көп жылға дейін құпияда сақталып келді. Б.з.д. 751 жылы Қытайдың Таң династиясы мен Араб империясы арасындағы жанжал уақытында бірнеше қағаз жасаушы қытай жұмыскерлерін арабтар ұстап алған, уақыт өте қағаз өндіру Бағдатта дами бастаған және уақыт өте келе араб әлеміне бірте-бірте жайылған. Арабтардағы «қағаз» (kagaz) сөзі қытай сөзі. Нәтижесінде Солтүстік Америка мен Европада қағаз өндірудің жетілген технологиясы таратылды. Тарихи жазбаларға сәйкес, Цай Лунь шығарғандай, Европада тек 1000 жылдан кейін зауыт салынған. Қазіргі уаққытта қағаз өндіру анағұрлым дамыған, дегенмен онда бұрынғыдай Цай Лунь ойлап тапқан әдіс негізге алынады. Цай Луньнің қағаз өндіру технологиясы адам өркениетіндегі жаңа кезең болды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.