From Wikipedia, the free encyclopedia
Хром кентастары, хромиттер, хромды теміртастар — құрамында өндірісте бөліп алу экономикалық жағынан тиімді болатындай мөлшерде хромы бар минералды шикізат. Хромның жер қыртысындағы орташа мөлшері. 0,035%. Хром кентастарының басты минералдары — хромшпинелидтер. Құрамы жағынан кентас тұтас, шомбал, сеппе, текстурасы жөнінен жолақ және теңбіл келеді. Кентастағы Cr2O3 мөлшері. 13,9 — 61% шамасында. Кен денелерінің пішіні шток, линза, желі, бұрыс пішінді денелер түрінде болады. Өндірістік мәні бар хром кентастарының көпшілігі ультранегізді магма кристалдануының бастапқы кезінде қалыптасқан, дунит, перидотит, пироксенит тау жыныстарынан орын алады. Хром кентастары металлургияда (ферроқорытпа балқытуға, феррохром алуға, болаттың сапасын жақсартатын легирлеуші қоспа ретінде) отқа төзімді материалдар алуға, хром тұздарын (хромник, ашудастар) алуға қолданылады. Кентас ашық кеніш, шахта арқылы өндіріледі, магниттік сепарация тәсілімен байытылады. Хром кентастарының Қазақстандағы аса ірі кендері Ақтөбе (Кемпірсай), Қостанай (Аққара, Жетіқара, Құндыбай), Шығыс Қазақстан облыстарында (Шар) орналасқан. Ол Ақтөбе мен Павлодардың ферроқорытпа заттарын шикізатпен қамтамасыз етеді. Хром кентастарының едәуір қоры Ресейде, Оңтүстік Африкада, Үндістанда, Түркияда, Грекияда, Кубада, Филиппинде, т.б. шоғырланған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.